Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері білімдерін Малайзияда жетілдіретін болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова бастаған делегация өкілдері Малайзияның Мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас директоры Дато Нор Инчун Мохамед Саллех ханыммен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қазақстандық ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.