Қасқырды тірідей сатпақ болған шығысқазақстандыққа айыппұл салынды
![Қасқырды тірідей сатпақ болған шығысқазақстандыққа айыппұл салынды](http://www.inform.kz:8080/images/uploads/6.03.2018/20180208162246.jpg)
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменнің іргесіндегі Ушан ауылының тұрғыны қасқырдың құртқасын (ұрғашы - авт.) тірідей сатпақ болған. Табиғат қорғау инспекциясы хабарландыру иесіне айыппұл салып, ісін сотқа тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.