Ақтөбедегі автобус өртіне қатысты тың деректер шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 52 адамның өмірін жалмаған автобусқа қатысты жаңа деректер белгілі болды. Аталмыш автобустың жүргізушілері жанып тұрған дәнекерлеуіш шамның көмегімен көлік құралының салонын жылытқан. Бұл туралы бір топ мәжілісмендердің депутаттық сауалына жауап жолдаған ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың жауабында жазылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.