Алматыда жоғалып, Ақтөбеден табылған жігітте дене зақымы жоқ - ІІД
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Із-түзсіз жоғалып, кейін Ақтөбеден табылған Алматы облысының тұрғыны Темірхан Иман-Зұппардың денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Бұл туралы Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпара тілшісі.