1 қаңтардан бастап Қазақстанда өнімдер құрамындағы трансмайлар бақыланатын болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап өтпелі кезеңнен кейін май өнімдеріндегі май қышқылының трансизомерлері құрамының жаңа нормативі күшіне енді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.