Геннадий Головкинге Қарағанды облысының құрметті азаматы куәлігі берілді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Орта салмақта жеңіліп көрмеген кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге елге сіңірген еңбегі үшін «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағы берілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.