Беларусь маманы «Шахтер» футбол клубына бапкер болды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 46 жастағы Беларусь маманы Владимир Журавель қарағандылық «Шахтер» футбол клубына бас бапкер болды. Ал клубтың атқарушы директоры қызметіне Әлібек Оразғалиев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.