Аида Сатыбалдиева профи-рингтегі алғашқы айқасында жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Профи-рингте алғашқы айқасын өткізген Аида Сатыбалдиева бұрын-соңды жеңіліп көрмеген америкалық боксшыны жеңді. Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» аккаунтында хабарланды.