Түркияда Әсет Найманбайұлы күндері өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақында қазақтың белгілі ақыны Әсет Найманбайұлының 150 жылдық мерейтойы Түркияның ең үлкен қаласы Ыстанбұл мен астанасы Анкара қалаларында аталып өтті. Атақты ақын, әрі сазгер, әрі әнші Әсетке арналған бұл шараларды ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.