Алматы облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 540 млрд теңгеге жетті
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен өткен жиында биылғы жылдың 9 айындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 4-ші тоқсанға қойылған міндеттер талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.