ОҚО-да кәсіпкерлер заңсыз тексеруге қатысты прокурорлардың көмегіне жүгінген
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында прокуратураға кәсіпкерлерден заңсыз тексеру бойынша 27 арыз түскен. Өңірдегі мемлекеттік бақылаушы органдары тарапынан заңсыз тексерулер тиылмай тұр. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасында өткен басқосуда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.