Бүгін жекелеген өңірде дауыл тұрып, бұршақ жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 12 тамыз күні елдің басым аймағында құбылмалы ауа райы сақталады, өткінші жаңбыр, бұршақ күтіледі, найзағай ойнап, жел күшейеді. Республиканың тек батысында күн жауын-шашынсыз өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.