Жұма күні 7 облыста бұршақ жауып, дауыл тұрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 11 тамыз күні елдің басым аймағында құбылмалы ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, жел күшейіп, дауыл тұруы мүмкін. Республиканың батысында, солтүстік-батысында жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Елдің солтүстігінде және солтүстік-батысында тұман күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.