Қазақстанда бейсенбі күні ауа райы тұрақсыз болады
![Қазақстанда бейсенбі күні ауа райы тұрақсыз болады](http://www.inform.kz/fotoarticles/20170718002709.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронталды ағымдардың өтуіне байланысты бейсенбі күні кей жерлерде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, жел күшейіп, тіпті бұршақ жаууы да ықтимал. Қазақстанның солтүстігінде және оңтүстік батысында, оңтүстік шығысында, солтүстік шығысында күн ашық, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.