ЭКСПО-да өз павильонын таза қазақ тілінде сөйлетіп қойған мемлекет ұлттық күнін атап өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде Жапонияның ұлттық күні аталып өтті. Шара аясында осы елдің билері ғана емес, қазақтың «Қаражорғасы» да орындалды. Айта кеткен жөн, жапондықтар өз экспозицияларын толығымен мемлекеттік тілде сөйлетіп қойды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.