Қайрат Мәми облыстық сот төрағаларының кемшіліктерін тізіп шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Облыстық соттар Жоғарғы сотқа негізсіз және логикалық тұжырымсыз ұсыныстар енгізеді. Бұл туралы бүгін 2017 жылдың 1 жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған республика судьяларының кеңейтілген отырысында ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.