Шымкентте 1,5 жасар бүлдіршін 6 метрлік шұңқырға құлап кетті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің іргесіндегі Телман бөлімшесінде 1,5 жасар бүлдіршін терең шұңқырға құлап кетті. Абырой болғанда бала 6 метр тереңдікке салынған бетонның арасына тұрып қалып, аман қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.