Көлік тізгінінде отырғанда қалғып кетудің салдары қандай болуы мүмкін? Полиция түсіндірді
Көз алдыңызға елестетіп көріңізші: жолға қарап отырсыз, қолыңыз рөлде, бірақ бірнеше секундқа миыңыз өшіп қалғандай болады. Бұл - қысқа мерзімді ұйқы, жүргізуші бақылауды жоғалтқанын тіпті сезбей де қалатын қысқа ұйқы. Бұл елеулі қатер төндіреді, деп хабарлайды Tengri Auto.
Полицияның мәліметінше, сағатына 100 шақырым жылдамдықпен келе жатқанда үш секунд мызғып алу - соқыр күйде жүріп өткен 83 метрге жуық жол. Осы уақыт аралығында жүргізуші жолдағы жағдайды бақыламауы ауыр жол апатына әкеп соғуы мүмкін.
Басты қауіп - бақылауда ұстап отырмын деген жалған сезім. Қысқа ұйқы білінбей келеді: адам өзін сергек сезінгенімен, миы "ұйқы режиміне" ауысып үлгереді. Кофе, қатты музыка немесе ашық терезе тек уақытша сергектік сезімін береді, олар шаршауды, ұйқы қысуын баспайды.
Өзіңізді тексеріңіз. Рөлдегі қауіпті белгілер:
ұйқы қысып, көз жұмыла беруі;
жиі есінеу;
зейін төмендеуі, жолдағы жағдайды бақылаудан шығарып алу;
айналадағы жағдайға баяу әрекет ету.
Осындай белгілерді байқасаңыз, не істеу керек?
Қауіпсіздіктің жалғыз жолы – рұқсат етілген жерге тоқтап, тынығып алу. Рөлде отырып ұйқымен күресуге болмайды. Бұл тек өз өміріңізді емес, айналаңыздағылардың да өміріне қауіп төндірумен бірдей.
Полиция жолға шықпас бұрын толыққанды тынығу маңызды екенін, ал жол үстінде жұмыс және демалыс режимін сақтап, жүйелі түрде аялдап отыру қажет екенін ескертті.
Тағы оқыңыз: Қыста көктайғақта толық жетекті көлікті қалай тежеуге болады? Сарапшы түсіндірді