“Анасына тіл тигізді“: Махачев Двалишвилимен арадағы жанжалдан кейін Нурмагомедовті жақтады
Ислам Махачев ағайынды Усман, Умар Нурмагомедовтер мен ұйымның жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвили арасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді.
Махачев ер адам өз сөзі мен іс-әрекетіне жауап беруі керек екенін айтып, Нурмагомедовтерді қорғады.
"Мәселені тым асыра сілтеп жіберді. Бәлкім, Әмірліктерде мұндай қақтығыс жиі бола бермейтін шығар. Ал бізде, Дағыстанда, көшедегі төбелес күнделікті жағдай. Көбі бұл қақтығыс Грузияда қалай басталғанын білмейді. Мераб мүлдем лайықсыз әрекет етті, білуімше, анасы жоқ адамның анасына тіл тигізді. Бұл қасиетті нәрсе. Біздің жігіттердің әрекетін қате деп есептемеймін. Адам өз сөзіне жауап беруі керек. Егер ол шектен шықса, мұндай жағдайға дайын болуы тиіс. Намысқа тиген кезде жекпе-жек немесе екеулеп соғу деген мәселе қаралмайды", - деді Махачев.
Islam Makhachev defends Usman and Umar Nurmagomedov, insisting they “did nothing wrong” during the altercation with Merab Dvalishvili in Abu Dhabi ???? https://t.co/IAXFWLz5uD
— Razed MMA (@RazedFighting) 23 қараша, 2026
Двалишвили мен Нурмагомедов арасындағы жанжал тарихы
2026 жылғы жазда Тбилисиде (Грузия) RAF турнирі қарсаңында спортшылар арасында сөз таласы болған. Баспасөз мәслихатында Двалишвили Умармен ықтимал жекпе-жек туралы сұраққа: "Ол жігіт әрі кетсін!" деп жауап беріп, оны "бұзылған бала" деп атаған.
Іс-шарадан кейін оған дағыстандық балуан Ахмед Гаджимагомедов (Нурмагомедовтер командасының досы) келіп, мұндай дөрекі сөздер айтпауды сұраған. Дағыстандық тараптың нұсқасы бойынша, Мераб қонақты ұрып жіберіп, анасына тіл тигізген. Төбелесті күзетшілер тоқтатты.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
REDFURYMMA (@redfurymma_official) жарияланымы
Кейін қарашада Абу-Дабиде (БАӘ) өткен кезекті RAF турнирі алдында Мерабқа шабуыл жасалды. Двалишвили қонақүй фойесінде сұхбат беріп жатқанда, Усман Нурмагомедов өз командасымен бірге оған тұтқиылдан тап берді. Двалишвилидің жанында досы, грузиялық балуан Саба Лазишвили болған.
Күзетшілер оларды ажыратуға тырысқанымен, грузиялық спортшылар еденде құлап жатса да соққы мен тепкі тоқтамаған.
Усман Нурмагомедов пен оның командасының Мераб Двалишвилиге тап берген толық видеосы (@RedCorner_MMA арқылы) https://t.co/ZG8VYu0I5D
— FearBuck (@FearedBuck) November 11, 2026
Абу-Даби полициясы төбелескендерді ұстады. Сот Усман Нурмагомедов пен оның бірқатар серігін алты айға бас бостандығынан айыруға, ірі көлемде айыппұл төлеуге және кейін елден шығаруға үкім кесті.
Дегенмен Хабиб Нурмагомедов БАӘ астанасына барғаннан кейін спортшылар қамаудан босатылып, алғашқы жаза жеңілдетілді: енді қамауға алынған 8 адамның әрқайсысы 150 мың дирхам (шамамен 18 миллион теңге) айыппұл төлеуі тиіс. Тараптар бір-біріне талап қоюдан бас тартты.
Сегіз сотталушы, оның ішінде Нурмагомедов командасының алты мүшесі бастапқыда алты айға бас бостандығынан айырылған болатын. Сейсенбі күні ADJD жариялаған қайта қаралған шешімге сәйкес, әрбір сотталушы оның орнына 150 000 AED (шамамен $40,800) айыппұл төлейді. Толығырақ: https://t.co/VpyFygM6qx
— ESPN MMA (@espnmma) 17 қараша, 2026 жыл
Бұған дейін Нурмагомедов қамаудан босатылғаннан кейін алғаш рет пікір білдірді.
UFC Қазақстанда өтуі мүмкін: Алматы әкімдігі турнирге қатысты мәлімдеме жасады