Добавить новость
World News





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Бұзақылар, стримерлер және дрифт жасайтындар: ІІМ заңбұзушылықтар бойынша статистика жариялады

Қазақстанда 2026 жылдың тоғыз айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қылмыс саны 15 пайызға азайды. Бұл туралы ведомство жұмысының қорытындысы шығарылған ІІМ алқа отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, қылмыс саны 11 мыңнан астам дерекке азайған. Ведомство құқық бұзушылықтардың алдын алу мен олардың дер кезінде жолын кесуге ерекше көңіл бөлініп жатқанын атап өтті.
321 мың заңбұзушылық және 1 318 қоқыс үйіндісі
Тоғыз ай ішінде полиция қоғамдық орындарды ластау және абаттандыру ережелерін сақтамауға қатысты 321 мыңнан астам заңбұзушылықтың жолын кесті.
Полицияның ден қою шараларының нәтижесінде 1 318 стихиялық қоқыс үйіндісі жойылды.
Вандализм мен заңсыз жазуларға да ерекше назар аударылды. Жыл басынан бері 12 мыңнан астам граффити өшіріліп, мұндай деректер бойынша 5,8 мыңға жуық әкімшілік іс қозғалды.
Еріктілермен бірлесіп 13 мыңға жуық профилактикалық іс-шара өткізілді.
90 мың жанжал шығарушы және 25 мың қамауға алу: тұрмыстық зорлық-зомбылық статистикасы не дейді?
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында зардап шеккендерді қорғау және қайталанатын жағдайлардың алдын алу шаралары күшейтілді.
Тоғыз айда 90 мыңнан астам отбасылық жанжал шығарушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды - бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,4 пайызға көп. Оның ішінде 25 мың адам әкімшілік қамауға алынды.
Полиция 73 мыңнан астам қорғау нұсқамасын шығарды. Оларды бұзғаны және сот белгілеген шектеулерді сақтамағаны үшін 20,5 мың адам жауапқа тартылды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дағдарыс орталықтарына балаларымен бірге 4,5 мың әйел орналастырылды.
Сонымен қатар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық деректері бойынша шағымдар саны 1,2 мыңға азайды. Бұл саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 10,4 пайызға, кісі өлімі 11 пайызға төмендеді.
11,9 миллион заң бұзушылық және 386 дрифт: жолдардағы жағдай қандай?
Полиция түнгі жарыстардың, қауіпті дрифт пен шуға байланысты қоғамдық тәртіпті бұзу деректерінің жолын кесуді жалғастырып жатыр. Жыл басынан бері жол қозғалысы ережелері мен қоғамдық тәртіпті бұзған 386 дрифт дерегі тіркелді. 59 құқық бұзушы қамауға алынып, 142 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.
Жолдарда барлығы 11,9 миллион ЖҚЕ бұзу дерегі анықталды. Оның ішінде - көлікті мас күйінде басқарудың 19 мыңнан астам және рөлде отырып телефон пайдаланудың 247 мыңнан астам дерегі бар.
2,4 мың жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды.
Бұл ретте ЖКО саны 5 пайызға, жарақат алғандар саны 7 пайызға, қаза тапқандар саны 16 пайызға азайды.
Стрим үшін қамауға алу: тікелей эфирлер немен аяқталды?
Полиция тікелей эфир кезіндегі балағат сөздер мен заңсыз мінез-құлықтарға қатысты шаралар қабылдауды жалғастырып жатыр.
150-ден астам пайдаланушы, соның ішінде блогерлер мен стримерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 58 адам әкімшілік қамауға алынды.
Бизнес кейпіндегі криминал: ІІМ жаңа схемаларды әшкереледі
Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бағыты бойынша 44 қылмыстық іс тіркелді, оның үшеуі трансұлттық сипатта.
Криминалдық ортаның 238 өкілі қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр.
ІІМ қылмыстық топтардың, соның ішінде бизнес атын жамылып, алаяқтық схемалар мен қаржы пирамидаларын құру арқылы әрекет ететінін атап өтті.
Заңсыз айналымға 31 тоннадан астам есірткі жіберілмеді
Тоғыз айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда есірткі зертханаларының жолын кесу көрсеткіші 9-ға артты. Заңсыз айналымға 31 тоннадан астам есірткі жіберілмеді - бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға көп.
ІІМ қызметкерлердің тәртібін бақылауды күшейтті
Отырыста ішкі істер министрі Ержан Сәденов ІІМ Ұлттық ұлан қолбасшылығына әскери тәртіпті нығайтуды және қызмет өткеру қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау басымдық ретінде белгіленді. Министр дайындық пен жаттығуларды заманауи талаптарды ескере отырып қайта қарауды, оның сапасына баса назар аударуды талап етті.
Полиция қатарында заңдылықты сақтау бойынша да жеке міндеттер қойылды. Жеке құрамның тәртібіне, қызметтік этикасына және қызметкерлердің, соның ішінде әлеуметтік желілердегі мінез-құлқына бақылауды күшейту тапсырылды.
Сондай-ақ киберқылмыс пен экстремизмге қарсы іс-қимыл, құқықбұзушылықтың алдын алу, көші-қонды бақылау, тергеу жұмысы және қылмыстық-атқару жүйесінің қызметі бойынша міндеттер жүктелді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады. Президентке елдегі криминогендік жағдай және қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы баяндалды.



Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net