Тоқаев Си Цзиньпинге жеделхат жолдады
Мемлекет басшысы ҚХР төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай Халық Республикасының құрылғанына 77 жыл толуымен құттықтады.
"Ұлы Қытай тарихында жаңару мен жаңғырудың бірегей нышаны болған бұл күннің орны ерекше. Еліңіз өзіндік дәстүрі мен бай мәдениетін сақтап, даму мен экономикалық өрлеудің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Әсіресе, Қытайдың ғылыми-технология, инновация мен цифрлық экономика салаларындағы толағай жетістіктері жаһанды таңғалдырды", – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы достық пен тату көршілікке негізделген мәңгі жан-жақты стратегиялық серіктестік тың қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар биыл Шанхайдағы жүздесу өзара ықпалдастықтың келешегіне деген ортақ көзқарасты бекемдеп, сан қырлы ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтуге жол ашқанына тоқталды.
Президент Қытай төрағасының жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас Қытай халқына құт-береке тіледі.
Тағы оқыңыз: “Тек капитал тарту емес“. Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың негізгі мақсатын атады
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!