Добавить новость
World News





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


“Көлік жоқ, ал салықтары бар“: Алматы тұрғыны 6 жылдан аса уақыт бойы тергеліп жатқан ұрлық оқиғасын айтып берді

Tengri Auto редакциясына алты жылға жуық уақыт бойы көлік салығы мәселесін шеше алмай жүрген Алматы тұрғыны хабарласты.
Оқырманның айтуынша, 2020 жылдың қаңтарында оның Toyota Land Cruiser 200 көлігін ұрлап әкеткен. Содан бері көлік табылмаған, алайда көлік салығын төлеу туралы шоттар әлі де келіп жатыр.
Tengri Auto тілшісі жағдайдың мән-жайын анықтап, Мемлекеттік кірістер комитетінен мұндай жағдайда артық есептелген төлемдерден қалай құтылуға болатынын білді.
Бәрі қалай басталды?
Оқырманның сөзіне қарағанда, ұрлық болған сәттен бастап 6 жылдан аса уақыт өткен, бірақ көлік әлі күнге дейін табылмаған.

"Тергеушілер бірнеше рет ауысты. Бостандық ауданының Полиция басқармасына жеке өзім барғанда, істі ұзақ іздеп, кімнің өндірісінде екенін анықтай алмай, менен СДТБТ нөмірін сұрайтын, өйткені жүйеден істі жедел таба алмайтын", - деді ол.

Нәтижесіз іздеу жұмыстарынан бөлек, көлік иесіне салық органдарына көліктің ұрланғанын дәлелдеу міндеті жүктелген.

"Көлік ұрланып, іс жүзінде 2020 жылы иелігімнен шығып кетсе де, көлік салығының есептелуіне байланысты салық органдарымен дауласуыма тура келді", - дейді кейіпкер.

2023 жылы жағдай банк шоттарын бұғаттауға дейін жеткен. Оқырманның айтуынша, өндіріп алу шараларының негізсіз қолданылғанын салық органдарына дәлелдеу үшін оған төрт айға жуық уақыт қажет болған.
Осы уақыт ішінде әйел мемлекеттік кірістер органдарына, Мемлекеттік кірістер комитетіне және прокуратураға бірнеше рет жүгінген. Қазір, алматылық тұрғынның нақтылауы бойынша, оның шоттары бұғатталмаған, бірақ ұрланған көлік үшін салық есептеу мәселесі әлі де шешімін таппай тұр.
Нәтижесінде "қызық" жағдай қалыптасқан: Toyota Land Cruiser 200 көлігі 2020 жылы ұрланған, алты жыл ішінде көлік табылмаған, бірақ оның иесіне көлік салығы әлі де есептеліп жатыр. Бұл ретте ол мемлекеттік органдарға іс жүзінде көптен бері иелік етпейтін көлігі үшін неге төлемеуі керек екенін өзі дәлелдеуге мәжбүр.

"Жыл сайын маған салық сомасы есептеледі және мен анықтамаларды жаңартып, бұл есептеулердің күшін жоюға мәжбүрмін", - дейді ол.

Қазіргі уақытта оқырман қайтадан процестік өтініштер мен шағымдар түсіріп жатыр. Ол тергеудің толықтығын тексеруді және алты жыл ішінде көліктің неге табылмағанын анықтауды талап етіп отыр.
МКК не дейді?
Мемлекеттік кірістер комитеті ұрланған немесе қолды болған көлікке іздеу салу кезеңінде көлік салығы есептелмейтінін түсіндірді.
Салықтан босату үшін көліктің ұрланғаны немесе қолды болғаны туралы арыздың Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің біріңғай тізілімінде (СДТБТ) тіркелгені туралы мәліметтер негіз болады. Бұл ретте салық көліктің іс жүзінде ұрланған күнінен емес, арыздың СДТБТ-да тіркелген күнінен бастап есептелмейді.
МКК деректері бойынша, ұрлық және арыздың СДТБТ-да тіркелген күні туралы мәліметтерді салық органдарына ішкі істер органдары беруі тиіс.
Егер қандай да бір себептермен мұндай ақпарат түспесе және салық есептеле берсе, иесі арыз тіркелген жердегі Полиция департаментіне жүгінуі қажет.
Сол жерден ол арыздың СДТБТ-да тіркелген дерегі мен күнін растайтын құжатты алып, оны тұрғылықты жері бойынша салық органына өткізе алады.

"Жоғарыда аталған құжат негізінде мемлекеттік кірістер органы төмендету жағына қарай түзету жүргізеді, сондай-ақ салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерінің күшін жояды", - деп хабарлады МКК.

Осылайша, егер салық көлік іздеуде болған кезең үшін есептелсе, растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін ол қайта есептелуі тиіс.
Егер иесі мұндай салықты төлеп қойған болса, МКК артық төленген соманы қайтаруға немесе есепке жатқызуға рұқсат береді. Бұл ретте қайтару салықтық берешек болмаған жағдайда жүзеге асырылады. Егер берешек болса, артық төлем алдымен оны өтеуге жұмсалуы мүмкін.
Сондай-ақ МКК салықтық берешек болып, ол белгіленген рәсімнен кейін төленбеген жағдайда, іс мәжбүрлеп өндіріп алуға дейін жетуі мүмкін екенін түсіндірді. Атқарушылық өндіріс аясында ақшалай қаражат пен мүлікке тыйым салуды қоса алғанда, түрлі шаралар қолданылуы мүмкін.
Сондықтан, көлік салығы есептеле беретін ұрланған көлік иесіне, ең алдымен, полициядан арыздың СДТБТ-да тіркелгенін растайтын құжат алып, оны қайта есептеу үшін салық мекемесіне өткізген жөн.
Салық неге бәрібір есептеле беруі мүмкін?
МКК ұрланған көліктер және арыздың СДТБТ-да тіркелген күні туралы мәліметтерді салық органдарына ішкі істер органдары беруі тиіс екенін түсіндірді.
Егер бұл мәліметтер келіп түспесе, автокөлік салық жүйесінде әдеттегі салық салу нысаны ретінде есепте тұра беруі мүмкін. Соның салдарынан, көлікке іздеу салынғанына қарамастан, иесіне көлік салығы есептеле береді.
Мұндай жағдайда көлік иесіне автокөлікті іздестіру жұмыстарының аяқталуын күтудің қажеті жоқ. Мемлекеттік кірістер комитеті өтініш тіркелген жердегі Полиция департаментіне барып, ұрлық туралы арыздың СДТБТ-де (сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі) тіркелген дерегі мен күнін растайтын құжат алуды ұсынады.
Осыдан кейін құжатты тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына тапсыру қажет. Осы құжат негізінде салық органы қайта есептеу жүргізіп, есептелген салық сомасын азайтуға тиіс.
Ал егер салық төленіп қойса ше?
Егер иесі автокөлік іздеуде болған кезең үшін салықты төлеп қойған болса, қайта есептеуден кейін артық төленген сома пайда болуы мүмкін.
МКК мұндай соманы басқа салық міндеттемелерінің есебіне жатқызуға немесе банк шотына қайтаруға болатынын хабарлады. Ол үшін салықтық өтініш беру қажет.
Бұл ретте маңызды ескерту бар: егер иесінің басқа салық берешегі болса, артық төленген сома алдымен соны өтеуге жұмсалуы мүмкін. Есепке жатқызудан кейін қалған соманы ғана қайтарып алуға болады.
Көлік иесі не істеуі керек?
Егер автокөлік ұрланғаннан кейін көлік салығы есептеле берсе, МКК келесі іс-қимылдарды орындауды ұсынады:

ұрлық туралы өтініш тіркелген жер бойынша Полиция департаментіне жүгіну;
өтініштің СДТБТ-де тіркелген дерегі мен күнін растайтын құжатты алу;
бұл құжатты тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына өткізу;
автокөлік іздеуде болған кезең үшін салықтың қайта есептелуін күту;
пайда болған берешектің және оған қатысты өндіріп алу шараларының күші жойылғанын тексеру;
егер іздеу кезеңі үшін салық төленіп қойған болса, қайта есептеуден кейін оны белгіленген тәртіппен есепке жатқызуға немесе қайтаруға өтініш беру.

МКК салықты есептеу автокөліктің ұрланғаны немесе жымқырылғаны туралы өтініш СДТБТ-де тіркелген күннен бастап тоқтатылатынын ерекше атап өтті. Ал салықты есептеу ішкі істер органдарының салық органдарына беретін мәліметтері негізінде қылмыстық іс тоқтатылған және автокөлік қайтарылған күннен бастап қайта жанданады.


Ria.city
Загрузка...

Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net