Астанада 3 градусқа дейін үсік жүреді, ал Алматыда күн жылы болады
"Қазгидромет" Астана мен Алматы қалаларының алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мегаполистерде 26, 27 және 28 қыркүйекте ауа райы қандай болатыны Tengrinews.kz материалында.
Болжамға сәйкес, алдағы күндері Астана мен Алматыдағы ауа райы бір-бірінен қатты ерекшеленеді: елордада түнде -3 градусқа дейін үсік жүреді, ал Алматыда күндіз ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі.
Астанадағы ауа райы
26 қыркүйекте күн құбылмалы болады, түнде жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +4...+6 градус, күндіз +12...+14 градус жылы болады.
27 қыркүйекте күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0...+2 градус, топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді, күндіз +12...+14 градус жылы.
28 қыркүйекте күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде -1...-3 градус үсік, күндіз +11...+13 градус жылы болады.
Алматыдағы ауа райы
26 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +12...+14 градус, күндіз +22...+24 градус.
27 қыркүйек күні көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +10...+12 градус, күндіз +23...+25 градус.
28 қыркүйек күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +9...+11 градус, күндіз +21...+23 градус.
Қазақстанда күн күрт суытып, қар жауады
Бұған дейін синоптиктер жақын күндері Қазақстанда күннің едәуір суытатынын хабарлаған болатын. Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы орнайды, алайда кей өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал таулы аймақтарда қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Толығырақ осы жерден оқыңыз.