Қазақстандағы шәкіртақы: 2027 жылы студенттер қанша алады?
2027 жылы бакалавриат, магистратура және басқа да деңгейдегі студенттердің шәкіртақысы қандай болмақ? Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.2027 жылы шәкіртақы мөлшері қандай болады?Ғылым және жоғары білім министрлігі Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік шәкіртақы мөлшері өзгермейтінін - 2025–2026 жылдардағы деңгейде қалатынын хабарлады.
Студенттер келесідей мөлшерде шәкіртақы алады:
бакалаврлар – айына 52 372 теңге;мемлекеттік тапсырыс бойынша педагогикалық мамандықтарда оқитын студенттер – 84 000 теңге;магистранттар – 117 098 теңге;
"Денсаулық сақтау" бағыты бойынша магистранттар мен резидентура дәрігерлері – 134 664 теңге;докторанттар – 262 500 теңге.
Жоғарылатылған шәкіртақылар қандай болмақ?
Аралық аттестация қорытындысы бойынша тек өте жақсы баға алған бакалаврлар мен магистранттар жоғарылатылған шәкіртақы алады.
Базалық шәкіртақыға 15 пайыз қосып есептегенде, жоғарылатылған шәкіртақы мөлшері төмендегідей болады:
бакалаврларда – 60 228 теңге;мемлекеттік тапсырыс бойынша педагогикалық мамандықтарда оқитын студенттерде – 96 600 теңге;магистранттарда – 134 663 теңге;
"Денсаулық сақтау" мамандығы бойынша магистранттар мен резиденттерде – 154 864 теңге.
Сондай-ақ келесі санаттар үшін жоғарылатылған шәкіртақы қарастырылған:
көру және есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар студенттерге – базалық шәкіртақыға 75 пайыз қосылады;жетім балалар мен ата-ана қамқорлығысыз қалған балаларға – 30 пайыз қосылады.
Бұған дейін ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек алдағы бес жылда шәкіртақыны арттыруды жалғастыру жоспары туралы айтқан болатын. Атап айтқанда, 2030 жылға қарай докторанттардың шәкіртақысын айына 500 мың теңгеден асыру көзделіп отыр. Толығырақ мына сілтеме арқылы оқыңыз.
Еске сала кетейік, Қазақстанда шәкіртақыны көтерудің бес жылдық бағдарламасы аяқталды. Алайда 2026 жылдың наурызында Үкіметте өткен брифингте ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бұл бағдарламаны жаңғырту жоспарланып отырғанын айтқан болатын.
Тағы оқыңыз: Қазақстандағы ең егде студенттің жасы нешеде?