Добавить новость
World News





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Toyota Camry-мен 43 елді аралаған: Қазақстан иорданиялық автосаяхатшыны несімен таңғалдырды?

Рөлдегі 43 мемлекет және артта қалған мыңдаған шақырым жол. Иорданияның Эль-Карак қаласынан шыққан Уисам әлемді автокөлікпен шарлап жүр. Бұл уақыт ішінде көлігі ол үшін жай ғана көлік емес, нағыз дөңгелекті баспанаға айналған.
Қазір саяхатшы Қазақстанға табан тіреді, бірақ мұнымен тоқтап қалмақ емес. Алда Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай және Жапония күтіп тұр.
Tengri Auto тілшісі Уисаммен кездесіп, айлап көлікте тұрудың қандай екенін, үйден жырақта қайда түнеу керектігін, жолда қандай қиындықтар кездесетінін және неге мүлдем бейтаныс жандардың көмегі кейде тұтас бір елден алған басты әсерге айналатынын біліп қайтты.
Бір көлікпен 43 ел
Уисамның үлкен саяхаты осыдан бір жарым жыл бұрын басталған. Оған дейін оның өмірі мүлдем басқаша болатын: ол университетте сабақ беріп, жаттықтырушы болып жұмыс істеген. Бірақ бір сәтте оған үйреншікті өмір салты тарлық ете бастаған.

"Мен ерекше өмір сүруге тырысамын. Өмірімнің шынайы болғанын қалаймын", – деп түсіндіреді саяхатшы.

Уисам үйленбеген және қазір ол үшін еркіндік - қайда баратынын өзі шешу мен жолда қанша уақыт өткізетінін таңдау мүмкіндігі - өте маңызды екенін айтады.
Оның үйреншікті өмірін тастап, ұзақ сапарға шығу туралы шешімін жақындары бірден қабылдай қоймаған. Бастапқыда отбасы Уисам үшін, әсіресе жолдың басым бөлігін жалғыз жүріп өтетіндіктен қатты алаңдаған. Уақыт өте келе туған-туыстары оның таңдауымен келісіп, енді бәрінен бұрын одан "бәрі жақсы" деген хабар күтетін болған.

"Отбасым мен үшін қорықты. Бірақ бұл - менің еркіндігім. Олар менің ісіме құрметпен қарайды. Олар тек менің аман-сау болғанымды қалайды", – деді ол.

Неге дәл осы көлік?
Қызығы сол, Уисам бұл көлікті әлемді шарлау үшін арнайы сатып алмаған. Оның бұл көлікті тізгіндегеніне 10 жылға жуықтаған және ол бастапқыда қарапайым жеке көлігі болған.
Фото © Tengrinews.kz / Марат Әлжанов. Уисам саяхаттап жүрген Toyota Camry автокөлігі
Кейінірек саяхатшы осы көлікпен алыс сапарға шығып көруді ұйғарады. Ең алғашқы бағыты Ирак болды, содан кейін Түркия мен Еуропаны бетке алды.
Уисамның айтуынша, алғашқы үлкен сапарының алдында ол қатты қобалжыған.

"Маған дейін Иорданиядан ешкім мұндай саяхатқа шықпаған еді. Басында қатты қобалжып, уайымдадым, бірақ бес-жеті күн өткен соң бәрі жақсы екенін түсіндім. Сол кезде қорқыныш біртіндеп сейіліп, саяхат маған көбірек қуаныш сыйлай бастады", – деп еске алады ол.

Көліктегі өмір
Уисам уақытының көп бөлігін дәл осы көлікте өткізеді. Кейде қонақүйге тоқтайды немесе пәтер жалдайды, бірақ ол негізінен киім-кешек жуып, өзін ретке келтіру үшін ғана.
Оның шатыры да бар, бірақ түнейтін негізгі орны - автокөлігі.
Фото © Tengrinews.kz / Марат Әлжанов. Уисам көлікте қалай ұйықтайтынын көрсетті

"Мен өз көлігімде ұйықтағанды өте жақсы көремін. Маған ол өз үйімнен де жайлырақ сияқты көрінеді", – дейді саяхатшы.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Wesam.kh11 | وسام الخرشة (@wesam.travel) жариялаған жазба


Үлкен автосаяхаттың романтикасы бірнеше сағаттық ұзақ жолдар басталғанда аяқталады. Уисамның айтуынша, ең қиыны - күннің басым бөлігін рөлде өткізу. Арқа талып, дене ұйып қалады, ал алда әлі жүздеген шақырым жол болуы мүмкін.

"Саған көп жүру керек. Сондықтан өзіңді, әсіресе арқаңды күтуің қажет. Рөлде осыншама уақыт отырғанда, бұл өте маңызды", – дейді ол.

Мұндай еркіндіктің екінші жағы да бар - үнемі шақырымдарды есептеп, алдын ала ойластыру керек. Келесі жанармай бекетіне дейін бензин жете ме? Түнде қайда тоқтау керек? Таңдалған жер қауіпсіз бе?

"Кейде алда жанармай бекеті болатынын не болмайтынын білмейсің. Бәрін алдын ала ойластыру керек. Және қауіпсіз тоқтайтын жерді әрдайым мұқият таңдау қажет", – дейді Уисам.

Кәдімгі сапарда мұндай нәрселер ұсақ-түйек болып көрінуі мүмкін. Бірақ көлік әрі баспана, әрі қозғалыс құралына айналғанда, жолдағы әрбір күн дәл осы ұсақ-түйектен құралады.
Жолда бұзылған кездер болды ма?
Оншақты мың шақырым жолда Уисамның көлігі айтарлықтай бұзылмаған. Саяхатшы көлікті қиын жағдайға жеткізбеуге тырысатынын айтады: оның жай-күйін үнемі тексеріп, қажетті техникалық қызмет көрсетуді уақытылы жасап тұрады.
Қазақстанға кірер алдында аздап алаңдаушылық туындаған. Көлікте техникалық ақаулар пайда болды, бірақ Уисам шекарадан өткенше оларды жөндеп үлгеріп, сапарын еш қиындықсыз жалғастырған.
"Маған жылқы еті мен шырын берді"
Уисам жол-жөнекей кездестірген адамдары туралы ерекше ықыласпен әңгімелейді. Оның айтуынша, бейтаныс жандар бірнеше рет көмекке келген, ал Қазақстанда сақтандыру туралы жай ғана сұрақ күтпеген жерден нағыз таныстыққа ұласқан.
Уисам көлікке сақтандыруды қайдан рәсімдеуге болатынын білмек болған. Соңында әңгіме бір сағаттан астам уақытқа созылған.

"Мен адамдардан автокөлікке сақтандыруды қайдан жасатуға болатынын сұрадым. Біз бір сағаттан астам сөйлескен шығармыз. Олар маған қазы-қарта ұсынып, шырын берді, жалпы қолдарынан келгенше қонақжайлылық танытты", – деп еске алады саяхатшы.

Бұл оқиға мұнымен бітпеген. Жаңа таныстары кейін де хабарласып тұрған: Уисамға хат жазып, жағдайын сұрап, көмек керек емес пе деп біліп отырған.
Уақытының көп бөлігін жолда жалғыз өткізетін саяхатшы үшін мұндай кездейсоқ кездесулер ел туралы ең жылы естеліктердің біріне айналады.
Неге Қазақстан?
Уисамның бағытына Қазақстан кездейсоқ енген жоқ. Ол ел туралы үлкен саяхатқа шықпай тұрып көп естіген және сол кездің өзінде-ақ оны өз көзімен көруді армандаған.

"Мен бүкіл әлемді көргім келеді. Бұл – менің арманым. Қазақстан туралы осы саяхатым басталмай тұрып естігенмін және сол кезден бастап осы жерге келуді жоспарладым", – деді ол.

Алғашқы әсерлерге қарағанда, оның үміті ақталғандай. Уисамды жолдар мен табиғат көріністерінен гөрі, осы жерде кездестірген адамдар көбірек таңғалдырған.

"Мұнда келгенде бұл елдің шынымен де жақсы екенін сезіндім. Мұндағы адамдар өте мейірімді әрі қонақжай", – деп бөлісті саяхатшы.

Тағы қандай елдер есінде қалды?
Уисам ең сүйікті бір елін таңдай алмады. Оның айтуынша, әр елдің адамдары, мәдениеті, табиғаты немесе атмосферасы өзінше есте қалады. Саяхат кезінде оған ерекше әсер қалдырған жерлердің қатарында Сирия, Иордания, Оман және Норвегия бар.
Уисам мүлдем басқа елдер мен мәдениеттерді үнемі ашу мүмкіндігін өз саяхатының басты құндылықтарының бірі деп санайды. Бірнеше күн ішінде пейзаждар, адамдар және үйреншікті өмір салты толығымен өзгеруі мүмкін, ол үшін жолдың басты сиқыры да осында.
Уисам Ресейде екі айға жуық уақыт өткізді. Ол Мәскеуде болып, кейін Солтүстік Кавказға аттанып, Шешенстан, Дағыстан және Қабарда-Балқарияны аралаған.
Сонымен қатар саяхатшы мұндай алып елді жете тану үшін тіпті екі айдың өзі аздық ететінін мойындайды. Оның айтуынша, бір сапарда бүкіл Ресейді көріп шығу мүмкін емес.
"Егер жалғыз болсаң, өзгерістер тезірек болады"
Уисамның айтуынша, жолда өткен бір жарым жыл оның өмір салтын ғана емес, өзін де өзгерткен. Ол қасыңда үйреншікті ортаң болмайтын және көптеген шешімді өз бетіңше қабылдауға тура келетін жалғыз саяхаттауды өте маңызды тәжірибе деп санайды.

"Егер көзқарасыңды және өміріңдегі көп нәрсені өзгерткің келсе, жай ғана саяхатқа шық. Және мұны жалғыз жасап көр", – дейді Уисам.

Оның пікірінше, достармен бірге шығу мүлдем басқа тәжірибе береді: үйден мыңдаған шақырым ұзаса да, адам өзіне таныс ортаның шеңберінде қалады.

"Жалғыз саяхаттағанда, көзқарасың өте қатты өзгереді", – деп түсіндіреді ол.

Дегенмен, жолдағы өмір шексіз демалыс дегенді білдірмейді. Уисам видео түсіреді, әлеуметтік желілерін жүргізеді және жұмыс туралы ойлар оны үнемі мазалайтынын айтады. Сондықтан кейде телефонды әдейі жинап қойып, мұның бәрі не үшін басталғанын өзінің есіне салып тұруға тура келеді.

"Кейде сәттен ләззат алу керек. Сәл босаңсып, демалу қажет", – дейді саяхатшы.

Әрі қарай не болды?
Қазіргі уақытта Уисам Орталық Азия бойынша саяхатын жалғастырып жатыр. Қазақстаннан кейін оның бағытында Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркменстан, Қытай, Моңғолия және Жапония бар.
Ол үйіне шамамен бес-алты айдан кейін оралуды жоспарлап отыр.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Wesam.kh11 | وسام الخرشة (@wesam.travel) жарияланымы


Үлкен саяхатты армандап жүрген, бірақ жолға шығуға батылы бармайтындарға Уисам қарапайым кеңес береді.

"Қорықпаңыздар. Бағыттарыңызды айқындап, жақсы жоспар құрыңыз және саяхаттан ләззат алуға тырысыңыз", – дейді ол.

Уисамның пікірінше, дәл автокөлік елді туристер әдетте көретін қырынан мүлдем басқаша тануға мүмкіндік береді. Рөлде отырғанда бағыт тек әуежаймен, қонақүймен және үлкен қаланың көрікті жерлерімен шектелмейді.

"Көлікпен саяхаттағанда ауылдағы адамдарды, жолдағы адамдарды, полицейлерді кездестіресің. Егер ұшақпен ұшып келсең, тек үлкен қаланы ғана көруің мүмкін. Сондықтан мен әрбір адамға кем дегенде бір рет автокөлікпен саяхаттап көруді ұсынамын", – деді Уисам.

Ол үшін нағыз саяхат дәл осындай кездесулерден тұрады: ол тек картадағы елдер мен нүктелер ғана емес, сонымен бірге жолдар, кездейсоқ таныстықтар мен бір қаладан екіншісіне жай ғана ұшып барсаң, ешқашан жолықтырмайтын жандардан құралады.


Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net