Тарихи жеңістен кейін Рыбакинаның келесі қарсыласы анықталды
Рыбакина кіммен ойнайды?
Финалға жолдама алу үшін Рыбакина ресейлік Мирра Андрееваны (№ 5) 2:6, 7:6 (7), 6:2 есебімен жеңген америкалық Коко Гауффпен (№ 4) кездеседі. Бұл матч 2 сағат 18 минутқа созылды.
Екінші жартылай финалда беларусьтік Арина Соболенко мен америкалық Джессика Пегула бақ сынайды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
WTA (@wta) жарияланымы
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
Бұған дейін Рыбакина ширек финалда қытайлық Циньвэнь Чжэнді 3:6, 6:1, 6:4 есебімен ұтқан болатын. US Open жартылай финалына шығу қазақстандық спортшының WTA рейтингінде бірінші орынға ие болуын қамтамасыз етті. Рыбакина мансабында алғаш рет Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) әлемдік рейтингін бастайды.Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев теннисшіні әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады. Ол Рыбакинаға чемпиондық рухты сақтап, жаңа белестерге сенімді түрде жете беруді тіледі.
US Open турнирі Нью-Йоркте 30 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында өтеді. Әйелдер арасындағы жарыстың жалпы жүлде қоры шамамен 49 миллион еуроны құрайды.