Үсік, бұршақ және найзағай: Астана мен Алматыда ауа райы күрт өзгереді
"Қазгидромет" Астана мен Алматыдағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. 1, 2 және 3 қыркүйекте мегаполистерде ауа райы қандай болатыны Tengrinews.kz материалында.
Күздің алғашқы күні Астана мен Алматыда ауа райы күрт өзгереді. Елордада 1 қыркүйекте күн күркіреп, жаңбыр жауады, бұршақ пен дауыл болжанады, ал түнде үсік жүруі мүмкін. Алматыда қыркүйектің алғашқы екі күнінде жаңбыр жауып, күн күркірейді деп болжанып отыр.
Астанадағы ауа райы
1 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +2...+4 градус, топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді, күндіз +12...+14 градус болады.
2 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +2...+4 градус, топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді, күндіз +15...+17 градус болады.
3 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +20...+22 градус болады.
Алматыдағы ауа райы
1 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8, кей уақытта екпіні 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +21...+23 градус болады.
2 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8, күндіз кей уақытта екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +12...+14 градус, күндіз +21...+23 градус болады.
3 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +10...+12 градус, күндіз +23...+25 градус болады.
Қазақстанда күз үсікпен басталады
Бұған дейін синоптиктер күздің алғашқы күндері Қазақстанда ауа райы құбылмалы болатынын хабарлаған еді. Елдің солтүстігінде түнде кей жерлерде үсік жүреді, ал күндіз температура біртіндеп көтеріледі. Сонымен қатар бірқатар өңірде жаңбыр жауып, күн күркірейді және жылбысқы қар жауады деп болжанады. Толығырақ мына жерден оқыңыз.