Асу Алмабаев жеңіске жетіп, чемпиондық атақты иеленді
30 тамызда Ыстамбұлдағы (Түркия) Ora Arena стадионында өткен ACBJJ 20 турнирінде қазақстандық файтер Асу Алмабаев пен тегі тәжікстандық ресейлік спортшы Халим Назруллоев кездесті. 9 минутқа созылған жекпе-жек барысында қазақстандық файтер айқын басымдық танытты.
Алмабаев жиі партерге түсіріп, кездесудің басым бөлігінде қарсыласын бақылауда ұстады.
Нәтижесінде ол төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетіп, All-stars No-Gi чемпионы белбеуін тақты.
Асу Алмабаев - қазақстандық MMA көшбасшысы
Еске сала кетейік, 32 жастағы файтер - UFC рейтингіндегі үздік 15 спортшының қатарына енген еліміздің жалғыз өкілі. Кейінгі жекпе-жегінде Асу Чарльз Джонсонды сирек қолданылатын әдіспен жеңген болатын, бұл оған ЖИ рейтингінде бесінші, ал медиарейтингте жетінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді.
Қазақстандықтың промоушендегі келесі жекпе-жегі туралы әзірге хабарланған жоқ.
ACBJJ (Absolute Championship of Brazilian Jiu-Jitsu) - ресейлік Absolute Championship Berkut (ACB) ұйымының негізінде құрылған бразилиялық джиу-джитсу және грэпплинг бойынша кәсіпқой лига.
Турнирлерге джитсерлер мен грэпплерлерден бөлек, ММА шеберлері, соның ішінде Забит Магомедшарипов, Арман Царукян және Асу Алмабаев сияқты UFC жұлдыздары да қатысады. Жекпе-жектердің негізгі екі форматы бар: Gi (кимономен) және No-Gi (кимоносыз).
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Absolute Championship of Brazilian Jiu-Jitsu (@acb_jj) жарияланымы
Тағы оқыңыз: “Шавкат оралмайды“: Рахмоновтың командасы оның жағдайы туралы айтты