Добавить новость
World News





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


“Сен басқалардың назарын аудартқың келеді“: аутоагрессия деген не және өзіңді кінәлауды қалай тоқтатуға болады?

Өзі бұрыннан армандап жүрген жетістікке басқа біреудің жеткенін көргенде іштей өзін кінәлау немесе өзін ауыр сөздермен балағаттау әдеті жай ғана мінездің ерекшелігі емес, аутоагрессияның белгісі болуы мүмкін.
Аутоагрессия дегеніміз не, адамдар неге өзіне зиян келтіретін әрекеттерге барады және жақын адамға дер кезінде көмек қажет екенін қалай байқауға болады? Бұл туралы Tengri Health тілшісі анықтап көрді.
Аутоагрессия дегеніміз не: белгілері мен мысалдары
Аутоагрессия - адамның саналы немесе бейсаналы түрде өз-өзіне зиян келтіретін мінез-құлық формаларының бірі. Бұл жағдайда агрессия қоршаған ортаға емес, адамның өз тәніне, психикасына немесе эмоционалдық жағдайына бағытталады.
Ол психикалық бұзылыстардың түріне жатпаса да, мамандардың назары мен көмегін қажет етеді.
Алматы қалалық Психикалық денсаулық орталығының дәрігер-психиатры Нуритдин Абдуллаев өз тәжірибесінде мұндай пациенттерді жиі кездестіретінін айтты.
Оның айтуынша, аутоагрессия әрдайым айқын біліне бермейді. Келесі жағдайлар сақтандыруға себеп болуы мүмкін:

терінің түсініксіз себептермен жиі жарақаттануы;ауа райына қарамастан үнемі жабық киім киіп жүру;өзін-өзі айыптауға бейімділік;тәуекелге бас тігу (қауіпті мінез-құлық);өз денсаулығына немқұрайлы қарау;психоактивті заттарды асыра пайдалану;өзінің дәрменсіздігі мен пайдасыздығы туралы жиі айту.


"Адам ұзақ уақыт бойы бойында аутоагрессия бар екенін түсінбеуі мүмкін және мұндай жағдайлар өте жиі кездеседі. Көптеген пациент жылдар бойы өз мінез-құлқы өзін-өзі құртуға бағытталғанын сезбейді. Оны мінез ерекшелігі, әдеттер немесе жағдайлармен түсіндіреді. Белгілі бір әрекеттердің аутоагрессия екенін сезіну кейде тек психотерапия немесе психиатриялық тексеру кезінде ғана мүмкін болады", - дейді дәрігер.

Дәрігер Нуритдин Абдуллаевтың айтуынша, кейбіреулер аутоагрессияны тек селфхарм - өзіне-өзі қол жұмсау ниетінсіз әдейі жарақат салу деп түсінеді. Шын мәнінде, бұл оның тек бір ғана түрі.
Анықтама: Нуритдин Абдуллаев - Алматы қалалық Психикалық денсаулық орталығының жоғары санатты дәрігер-психиатры. 15 жылдан аса уақыт бойы психотерапиямен айналысады, пациенттерді қабылдайды, сонымен қатар медицина қызметкерлеріне коммуникативтік дағдыларды жақсарту бойынша тренингтер өткізеді. Дәрігерлердің психиатрия және наркология бойынша біліктілігін арттыру курстарында дәріс береді.
Дәрігердің түсіндіруі бойынша, адам өзіне әртүрлі жолмен зиян келтіруі мүмкін, мысалы:

ішімдікке немесе есірткіге салыну,емделуден бас тарту,өзін үнемі төмендету,қарым-қатынастарды бұзу,өзін қауіп-қатерге тігу немесе саналы немесе бейсаналы түрде өзіне зиян тигізетін басқа да әрекеттер жасау.


"Аутоагрессия - бұл әрдайым өзіне қол жұмсауға әрекеттену емес. Мұндай мінез-құлық эпизодтарының көбі өлімге ұмтылумен байланысты емес. Аутоагрессия кезіндегі негізгі мақсат - эмоционалдық кернеуді азайту, ішкі ауырсынуды жеңілдету немесе өз күйін бақылау сезімін қалпына келтіру".
Дәйексөз авторын қосу


Сурет қосу



Нуритдин Абдуллаевдәрігер-психиатр



Сонымен қатар ол мұндай жағдайды ешбір жағдайда елеусіз қалдыруға болмайтынына назар аударады. Дәрігердің айтуынша, аутоагрессияның болуы кейінгі суицидтік әрекеттердің қаупін арттырады. Сондықтан ол әрдайым маманның мұқият бағалауын қажет етеді.
Аутоагрессияның себептері: адам неге өзіне зиян келтіре бастайды?
Дәрігердің сөзінше, аутоагрессия сирек жағдайда кенеттен пайда болады. Көбіне оған созылмалы стресс, психологиялық жарақаттар, депрессия, мазасыздық және ұзақ уақытқа созылған эмоционалды қолайсыздық себеп болады.

"Адамның эмоционалдық өзін-өзі реттеу дағдылары жеткіліксіз болғанда, өзіне зиян келтіру ішкі күйзелістермен күресудің патологиялық әдісіне айналуы мүмкін. Көптеген пациент үшін аутоагрессия - бұл күшті эмоциялармен күресудің өзіндік механизмі", - деп түсіндіреді Нуритдин дәрігер.

Физикалық ауырсыну кезінде ағза эмоционалдық кернеуді қысқа уақытқа төмендететін заттар бөліп шығарады. Сонымен қатар, назар жан күйзелісінен тән ауруына ауады.

"Сондықтан адам қысқа мерзімді жеңілдік сезінуі мүмкін, бірақ қасіреттің негізгі себебі бұдан жойылып кетпейді", - деп ескертеді психиатр.

Дәрігердің айтуынша, аутоагрессия туралы тағы бір жаңсақ түсінік - адам өзіне тек назар аударту үшін ғана зиян келтіреді деген сенім.

"Шын мәнінде, аутоагрессивті мінез-құлық көбінесе айқын психологиялық қолайсыздықтың және стресспен күресудің тиімсіз әдістерінің белгісі болып табылады", - деді дәрігер.

Аутоагрессиясы бар адамдар көбіне неге шағымданады?
Дәрігер аутоагрессия диагнозы қойылған адамдар жиі сипаттайтын эмоцияларды атап өтті:

ішкі күйреу,қатты мазасыздық,кінә сезімі,тұрақты эмоционалдық шиеленіс,жалғыздық сезімі,ұйқының бұзылуы,өмірге деген қызығушылықтың жоғалуы,шарасыздық пен ұят сезімі,өзіне бағытталған айқын ашу-ыза сезімі.


"Кейде адамға басынан өткеріп жатқан сезімдерін атап айтудың өзі қиын соғады, ол тек ішкі шиеленістің өте жоғары деңгейін сезінеді. Мен жиі мынадай сөздерді естимін: "Менің өлгім келмейді. Мен тек осы ауырсынудың басылғанын қалаймын", - дейді маман.

Бұған қоса, дәрігер Нуритдин Абдуллаев аутоагрессиясы бар пациенттің типтік тарихын мысалға келтіреді.
Жас қыз өзіне бірнеше рет физикалық зақым келтірген. Ата-анасы оны осылайша өзіне назар аудартқысы келеді деп сенген.

"Бірақ пациентпен сөйлесу кезінде қыздың бірнеше жыл бойы қатты мазасыздық, жалғыздық сезімін бастан өткергені, өзін отбасына жүк деп санағаны, бірақ уайымдары туралы ешкімге айтпағаны белгілі болды. Өзіне зақым келтіру оған тек қысқа мерзімді жеңілдік әкелген, содан кейін кінә сезімі одан сайын күшейе түскен", - деп еске алады дәрігер.

Емдеу мен психотерапия басталғаннан кейін қыз бірте-бірте эмоциялармен күресудің сау жолдарын үйренді.
Дәрігер Абдуллаевтың айтуынша, бірнеше айдан кейін аутоагрессия эпизодтары тоқтап, бір жылдан соң ол оқуына қайта оралған, болашаққа жоспар құра бастаған және ұзақ уақыттан бері алғаш рет өмірге деген қызығушылықты сезінгенін айтқан.

"Мен аутоагрессияның артында көбіне өлімге деген құштарлық емес, шексіз ауырсыну тұратынын тағы да атап өткім келеді. Адам бұнымен өз бетінше қалай күресу керек екенін білмейді. Көп жағдайда мамандарға дер кезінде жүгінгенде мұндай адамдарға шынымен де көмектесуге болады", - дейді дәрігер.

Аутоагрессия және балалық шақтағы уайымдар: зерттеулер не дейді?2019 жылы The Lancet Psychiatry журналында ғалымдар бала кезінде көрген қатыгездіктің кейіннен аутоагрессияның дамуына шынымен әсер ететінін анықтауға тырысқан жүйелі шолу жарияланды.
Авторлар суицидтік емес аутоагрессия мен балалық шақтағы қатыгездіктің түрлі формалары арасындағы байланыс бағаланған 71 ғылыми жұмыстың деректерін талдады:

жыныстық зорлық-зомбылық;физикалық зорлық-зомбылық;эмоционалдық зорлық-зомбылық;физикалық немқұрайлық;эмоционалдық немқұрайлық.

Зерттеушілер бала кезінде қатыгездік көрген адамдар аутоагрессияға әлдеқайда жиі тап болатыны туралы қорытындыға келді. Байланыс қолайсыздықтың барлық түрінде дерлік анықталды.
Бұл ретте зерттеу авторлары: бұл зорлық-зомбылық міндетті түрде аутоагрессияға әкеледі дегенді білдірмейді деп баса айтады. Сөз тек мұндай тәжірибенің өзіне зақым келтіру мінез-құлқының даму ықтималдығын айтарлықтай арттыратыны туралы болып отыр.
Сондықтан дәрігерлер аутоагрессиясы бар пациенттерді тексеру кезінде оларға балалық шағында қалай қарағанын міндетті түрде анықтауды ұсынады. Бұл қауіп тобындағы адамдарды ерте анықтауға және емдеуді дер кезінде бастауға көмектеседі.
Дәрігер Нуритдин Абдуллаев кейбір адамдар өз жағдайын еңсере алмайтынын түсінгенде, дәрігерге өз бетінше жүгінетінін айтады. Бірақ көбіне туыстары немесе достары бірінші болып дабыл қағады.Әсіресе мінез-құлқындағы өзгерістерді, тұйықталуды, өзіне зақым келтіру іздерін немесе өмірдің мәнсіздігі туралы айтқан сөздерін байқағанда.
Бұл ретте емдеудің қанша уақытқа созылатынын алдын ала айту мүмкін емес.

"Менің тәжірибем бойынша, ең ұзақ бақылау кезеңі шамамен екі жылды құрады. Бірақ бұл жерде біз аутоагрессияның өзін емес, оған алып келген психикалық жағдайды емдейтінімізді түсіну маңызды", - деді психиатр.

Қандай сөздер жағдайды ушықтырады: жақындарына кеңес
Сондай-ақ дәрігер Абдуллаев жақындары тарапынан болатын ең жағымсыз реакция - бұл мән бермеу (құнсыздандыру) және айыптау екенін айтады. "Сен жай ғана өзіңді жақсы көрмейсің", "Бұл бос нәрсе", "Сен жай ғана басқалардың назар аудартқың келеді", "Өзіңді қолға ал" немесе "Басқаларға бұдан да қиын" деген сияқты тіркестер кінә, ұят және оқшаулану сезімін күшейтеді.
Оның орнына ол жақынын немесе досын сабырмен тыңдауға, оны сынамауға және оның жалғыз емес екенін, арқа сүйер адамы бар екенін көрсетуге кеңес береді. Осылайша оның кәсіби психиатриялық немесе психологиялық көмекке жүгіну ықтималдығы артады.
Авторы: Анжела Ким
Аударған: Дина Шәріпхан




Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net