Астана мен Алматыда күн қайта ысиды
"Қазгидромет" синоптиктері Алматы мен Астанаға арналған 30, 31 шілде мен 1 тамызға ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанадағы ауа райы болжамы
30 шілдеде күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы түнде секундына 2-7, күндіз 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +19...+21 градус, күндіз +33...+35 градус болады.
31 шілдеде күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +19...+21 градус, күндіз +34...+36 градус болады.
1 тамызда күн құбылмалы, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +33...+35 градус болады.
Алматыдағы ауа райы болжамы
30 шілдеде күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +31...+33 градус болады.
31 шілде мен 1 тамызда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +21...+23 градус, күндіз +34...+36 градус болады.
Ыстықтың жаңа толқыны
Бұған дейін синоптиктер алдағы күндері Қазақстанда аптап қайта күшейетінін ескерткен болатын. Болжам бойынша, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі, ал бірқатар облыста нөсер жауып, күн күркіреп, бұршақ түсуі мүмкін. Толығырақ мына жерден оқыңыз.