Жаңбыр, дауыл және аптап ыстық: 26 шілдеде ауа райы қандай болады?
Синоптиктер найзағайлы жаңбыр, шығыста – нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл, екпінді жел болады деп болжайды. Тек батыс пен солтүстік-батыста айтарлықтай жауын-шашынсыз күн күтіледі. Аумақтың басым бөлігінде қайтадан аптап ыстық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Астана - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз секундтына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 29-31 градус жылы.
Алматы - көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, кей кездері екпіні секундтына 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 30-32 градус жылы. Іле Алатауы тауларында (Алматы қаласы Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) - өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз нөсер жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, кей кездері екпіні секундтына 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 15-20 градус жылы.
Шымкент - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 метр, күндіз екпіні секундсына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 36-38 градус жылы.
Ақмола облысы - облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундтына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-17, күндіз 27-32 жылы, облыстың батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады. Көкшетау - көшпелі бұлтты, күндіз кей уақытта жаңбыр, найзағай. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундтына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 27-29 жылы.Алматы облысы - облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, облыс орталығында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз таулы аудандарда нөсер жаңбыр, бұршақ. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда екпіні секундтына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-21, таулы аудандарда 7-12 жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстік-шығысында 25 жылы, таулы аудандарда 15-20 жылы. Қонаев - көшпелі бұлтты, түнде және таңертең аздаған жаңбыр, найзағай. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундтына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 жылы, күндіз 33-35 градус қатты ыстық.Жетісу облысы - облыстың шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз таулы аудандарда нөсер жаңбыр, бұршақ. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні секундтына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, таулы аудандарда 12, күндіз 29-34, таулы аудандарда 25 жылы.Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундтына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 32-34 жылы.Түркістан облысы - күндіз облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда секундтына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-25, таулы аудандарда 16 жылы, күндіз 36-41 градус қатты ыстық, таулы аудандарда 33 жылы.Түркістан - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, күндіз екпіні секундтына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 37-39 жылы.Батыс Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақытта секундтына 25 метр. Ауа температурасы түнде 23-28 жылы, күндіз 38-43 градус өте қатты ыстық.Орал - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундтына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 23-25 жылы, күндіз 38-40 градус өте қатты ыстық.Атырау облысы - жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундтына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 25-30 жылы, күндіз 37-42 градус өте қатты ыстық.Атырау - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 4-9, күндіз 9-14, екпіні секундтына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 27-29 жылы, күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық.Маңғыстау облысы - жауын-шашынсыз. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні секундтына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 25-30 жылы, күндіз 40-45 градус өте қатты ыстық, облыстың батысында 37 жылы. Ақтау - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12, күндіз екпіні секундтына 15 метр. Ауа температурасы түнде 25-27 жылы, күндіз 37-39 градус қатты ыстық.Қостанай облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундтына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 16-21 жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 38 градус.Қостанай - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундтына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 32-34 жылы.Солтүстік Қазақстан облысы - күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың шығысында екпіні секундтына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 11-16, облыстың батысында 19, күндіз 28-33 жылы.Петропавл - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 5-10, күндіз секундтына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 28-30 жылы.Павлодар облысы - облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундтына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 25-30, облыстың шығысында 22 жылы.Павлодар - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр, бұршақ. Найзағай. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундтына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 27-29 жылы.Қарағанды облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундтына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 11-16, облыстың оңтүстігінде 19-24 жылы, күндіз 22-27, облыстың батысында, оңтүстігінде 30 жылы.Қарағанды - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундтына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 25-27 жылы.Ұлытау облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні секундтына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 16-21 жылы, күндіз 33-38 градус қатты ыстық, облыстың солтүстігінде 28 жылы.Жезқазған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 4-9, күндіз секундтына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 жылы, күндіз 33-35 градус қатты ыстық.Шығыс Қазақстан облысы - түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақытта нөсер жаңбыр, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундтына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-17, облыстың оңтүстігінде 20, күндіз 23-28, облыстың солтүстігінде, шығысында 20 жылы.Өскемен - көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10, күндіз екпіні секундтына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 25-27 жылы.Абай облысы - облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл. Түнде және таңертең облыс орталығында тұман. Солтүстік-батыс, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні секундтына 23 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 23-28, облыстың оңтүстігінде 32 жылы.Семей - көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыс, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 5-10, күндіз екпіні секундтына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 26-28 жылы.Қызылорда облысы - жауын-шашынсыз. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл. Солтүстік-шығыс, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында секундтына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 21-26 жылы, күндіз 37-42 градус қатты ыстық.Қызылорда - ашық. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундтына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 24-26 жылы, күндіз 39-41 градус қатты ыстық.Жамбыл облысы - облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20, күндіз екпіні секундтына 23 метр. Ауа температурасы түнде 18-23, таулы аудандарда 13, күндіз 32-37, таулы аудандарда 28 жылы.Тараз - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундтына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 34-36 жылы.