Добавить новость
World News





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


“Кокос деп ойладым“: Қазақстан тарихындағы ең ірі кокаин ісі басынан қаралады

Қазақстан тарихындағы ең ірі кокаин партиясына қатысты қылмыстық іс заңбұзушылықтарды жою үшін прокурорға қайтарылды, соның салдарынан ол қайтадан соталды тергеу сатысына оралды. Tengrinews.kz редакциясы атышулы істің қазіргі барысын анықтап көрді.
Не болды және процесс неге тоқтап қалды?
30 сәуірде 1,1 тоннадан аса кокаин транзитіне қатысты қылмыстық іс аяқталуға жақын қалған еді. Алматыдағы алқабилер соты процестің соңғы кезеңіне өтуі тиіс болатын, бірақ прокурор материалдарды қадағалау органына қайтаруды сұрады.
Сот өтінішті қанағаттандырып, іс Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 321-бабына сәйкес алдын ала тыңдау өткізу үшін прокуратураға жолданды.
Анықтама: ҚР ҚПК-нің 321-бабы қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау өткізу тәртібін белгілейді. Бұл шара аса ауыр қылмыстар туралы істер бойынша міндетті болып табылады, ал басқа санаттар бойынша сотқа соттылық, істі прокурорға қайтару, іс жүргізуді тоқтату немесе тоқтата тұру, қылмыстық істерді біріктіру немесе бөлек шығару мәселелерін шешу, сондай-ақ тараптардың өтініштерін қарау қажет болған жағдайда жүргізіледі. Сот тиісті қаулы шығарады.
Іс қайтадан соталды тергеу сатысында
Tengrinews.kz редакциясы прокуратурадан істі қарау қай кезеңде екенін білуді ұйғарды.
Жауапқа сүйенсек, тергеу бастапқы нүктесіне қайта оралған – материалдар тағы да ҰҚК тергеушілеріне тапсырылды.

"Алматы қаласы бойынша ҰҚКД Тергеу басқармасы аса ірі мөлшердегі есірткі заттарының заңсыз айналымы дерегі бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. ҚПК-нің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес соталды тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды", – деп жауап берді ведомство.

Бұл ретте прокуратура істің сотқа қашан қайта оралатынын нақтыламады.
13 тонна кокаин ісінің мән-жайы
2025 жылдың қыркүйегінде ҰҚК Алматыда республика тарихындағы ең ірі кокаин партиясының тәркіленгенін хабарлады. Оның салмағы - 13 тонна 183 келі. Жүк бағыты Қазақстан арқылы үшінші елдерге транзитті қарастырған. Алайда партияның қайдан келгені белгісіз болды.
Сол кезде құқық қорғау органдары есірткі арнасын ұйымдастырды деген күдікпен екі шетелдікті ұстады.
Салыстырмалы түрде айтсақ: 13 тонна 183 келі кокаин – бұл шамамен тоғыз Toyota Camry автокөлігінің салмағы. Егер оны Toyota Camry жүк салғыштарына тиейтін болсақ, бүкіл партияны алып кету үшін 25-тен аса көлік қажет болар еді.
Құнына келетін болсақ, ІІМ 2025 жылдың наурызында 600 грамм кокаинді 100 миллион теңгеге бағалаған. Осыған сүйенсек, Алматыда тәркіленген кокаин партиясының болжамды құны екі триллион теңгеден асуы мүмкін – 2 триллион 197 миллиард 167 миллион теңге.

Іс бойынша кімдер сотталып жатыр?
Сотталушылар орындығында Түркияның екі азаматы отыр: О. М. және Я. У. Оларға Қылмыстық кодекстің бірден екі бабы бойынша айып тағылған:

297-баптың 3-бөлігі "Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз тасымалдау" бойынша. Баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады.
286-баптың 4-бөлігі "Есірткі заттарының аса ірі мөлшердегі контрабандасы" бойынша. Бұл үшін оларға 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қаралады.

Істі алқабилер соты қарады.
30 сәуірде Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында прокурор Қылмыстық-процестік кодекстің 321-бабына сәйкес алдын ала тыңдау өткізу үшін материалдарды қадағалау органына қайтару туралы өтініш берді.
Төрағалық етуші судья өтінішті қанағаттандырып, аяқталуға жақын қалған іс қайтадан прокуратураға жолданды.
"Мен оны кокаин емес, кокос деп ойладым": сотталушы не дейді?
Бұған дейін іс бойынша айыпталушылардың бірі, Алматыдағы түрік мейрамханасында менеджер болып істеген О. М. өз кінәсіздігін алға тартты. Ол Түркиядан және басқа елдерден тауар импорттау үшін әйелінің атына бизнес ашуды сұраған танысының құрбаны болғанын айтты. Сотталушының сөзіне қарағанда, танысы "көмектесуін өтініп жалбарынған", сөйтіп 2024 жылы отбасы "Point Dis Ticaret" ЖШС-ін ашқан.
Диффузорлар мен героин эпизоды
Көп ұзамай отбасы жалға алған қоймаға тауардың алғашқы партиясы – темір банкалардағы диффузорлар келеді. О. М. қораптарды кәдімгі тауар деп есептегенін және ішінде жасырын нәрсе барын сезбегенін айтты. Кейіннен дәл осындай банкалардан неміс полициясы 450 келі героин тапқаны белгілі болды. О. М. "тыйым салынған заттар" туралы 2025 жылдың ақпанында ғана логистикалық фирмадан естігенін мәлімдеді.
Іс бойынша куәгерлердің бірінің айтуынша, бұл туралы неміс кедені сайтында жазылған.
Фото: zoll.de
Доминиканадан келген "кокостар"
Сондай-ақ сотталушының айтуынша, оның танысы Доминиканадан кокос жеткізуді жоспарлаған. Сотталушы заңды жеміс бизнесіне сенгенін және "кокос" сөзінің жаргондық мағынасын білмегенін айтты. Германияда жүктің ұсталғаны туралы хабардан кейін ол келісімшартқа қол қоюдан бас тартып, ұйымдастырушымен байланысын үзген.

"Мен оны жеміс деп ойладым. Кокос, жеміс. Тек судья мырза "кокос" дегеннің "кокаин" екенін айтқанда түсінген болармын. Мен өмірімде ешқашан есірткі қолданған емеспін, тіпті білген де жоқпын", – деді ол.

О. М.-ның айтуынша, оның қатысуымен "кокостарды" жеткізу жүзеге аспаған.
Кокаин салынған қаптар тиелген палеттер / Фото: ҚР ҰҚК
2025 жылдың ақпанында О. М.-мен екінші сотталушы – А.-ның інісі байланысқа шыққан. Дәмханадағы кездесуде ол кәсіпкердің Түркияда ұсталғанын хабарлап, басқа фирманың қарыздарын өтеу үшін Point компаниясының шотынан ақшаны қолма-қол шығарып беруді сұраған, бірақ О. М. бас тартқан.
Бірнеше күннен кейін ҰҚК қызметкерлері оны мейрамханадағы жұмыс орнында ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындаған жоқ. Tengrinews.kz оқиғаның дамуын бақылауды жалғастырады.



Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net