Әлем чемпионатының ширек финалында кездесетін алғашқы жұп белгілі болды
Француздар Парагвайды 1:0 есебімен басым түсіп, турнирдің үздік сегіз командасының қатарына қосылды. Ойындағы жалғыз голды екінші таймда пенальтиден Килиан Мбаппе соқты.
Марокко да 1/8 финал кезеңді қиындықсыз өткізіп, Канаданы 3:0 есебімен ұтты.
Осылайша, әлем чемпионатының ширек финалында кездесетін алғашқы жұп белгілі болды — Франция мен Марокко. Матч 10 шілдеде Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де өтеді.ӘЧ-2026 турнирінің 1/8 финалойындары тағы бірнеше күнге созылады.
Шілденің 5-інен 6-сына қараған түні әлем чемпионатының тағы екі 1/8 финал матчі өтеді: Бразилия Норвегияға қарсы, ал Мексика Англияға қарсы ойнайды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
FIFA World Cup (@fifaworldcup) жариялаған жазба
Бұған дейін Кабо-Верде құрамасының "Возинья" лақап атымен танымал қақпашысы Жозимар Жозе Эвора Instagram-дағы ең танымал қақпашы атанды.