Добавить новость
World News





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Биыл Қазақстанда 10-15 миллион теңгеге қандай жаңа кроссовер сатып алуға болады: толық тізім

Осыдан бірнеше жыл бұрын 10 миллион теңге бюджеті бұқаралық сегменттің ең жоғарғы шегі саналып келді. Бүгінде жағдай өзгерді. Егер оны 15 миллионға дейін ұлғайтсаңыз, таңдау мүмкіндігі айтарлықтай кеңейеді: бұл санатта ірірек отбасылық кроссоверлер, толық жетекті, классикалық автоматты беріліс қорабы бар және жабдықталуы бай модельдер пайда болады.
Tengri Auto Қазақстандағы ресми дилерлердің ұсыныстарын зерделеп, 2026 жылы нарықта қолжетімді болатын құны 10-нан 15 миллион теңгеге дейінгі жаңа кроссоверлердің тізімін жасады.10 миллиондық межеден кейін не өзгереді?
Егер 10 миллионға дейінгі сегментте өндірушілер негізінен бағамен бәсекелессе, бұл жерде жабдықталу мен жайлылық үшін күрес басталады.
Барлық дерлік автомобильдер турбоқозғалтқыштармен, цифрлық аспаптар панелімен, үлкен мультимедиялық экрандармен және заманауи электронды ассистенттермен жабдықталған. Сонымен қатар дәл осы диапазонда көптеген сатып алушы әлі күнге дейін ең сенімді нұсқа деп санайтын толық жетекті және классикалық автоматты беріліс қорабы бар алғашқы нұсқалар кездеседі.
Сегменттің тағы бір ерекшелігі - автомобильдердің көлемі үлкейе түседі. Көптеген модельді ықшам қалалық кроссовер деп атау қиын. Олар отбасымен жүруге, алыс сапарлар мен жүйелі саяхаттарға арналған.10-нан 12 миллионға дейін: өз ақшаңызға барынша тиімді көлікДиапазонның төменгі бөлігі бүгінде нарықтағы ең қызықты бөліктердің бірі болып көрінеді. Бұл жерден заманауи қалалық модельдерді де, жеткілікті деңгейдегі ірі отбасылық көліктерді де табуға болады.
Ең қолжетімді нұсқалардың бірі - алдыңғы жетекті де, толық жетекті де нұсқада ұсынылатын GAC GS4 Max. Модель кең салонға, заманауи дизайнға және базалық жиынтықтың өзінде электронды көмекшілердің кең жиынтығына басымдық береді.
Бұған жақын бағада Geely Atlas орналасқан. Бұл - брендтің ең танымал кроссоверлерінің бірі, ол әмбебап отбасылық автомобиль ретінде жақсы беделге ие болып үлгерді. Көлік жайлы аспаны, заманауи интерьерді және жиынтықтардың кең таңдауын үйлестіреді.
Барынша сыйымды автомобиль қажет ететіндерге JAC JS8 моделіне назар аударған жөн. Бұл - өз баға сегментіндегі ең ірі өкілдердің бірі. Кең салон және үлкен отбасын тасымалдау мүмкіндігі оны қымбатырақ жеті орынды модельдерге жақсы балама етеді.
Сәл жоғарырақ бағада Hyundai Mufasa орналасқан. Қазақстан нарығына жақында ғана шыққанына қарамастан, модель ерекше дизайнымен, заманауи интерьерімен және жабдықталу деңгейімен назар аударып үлгерді. Сонымен қатар ол бұл баға диапазонындағы қытайлық емес брендтердің санаулы өкілдерінің бірі болып қала береді.12-ден 13,5 миллионға дейін: жайлылыққа басымдықБюджет ұлғайған сайын, ең алдымен, алыс сапарларға және отбасылық қолданысқа арналған автомобильдер пайда болады.
Ең қызықты нұсқалардың бірі ретінде Geely Okavango көрінеді. Бұл - екінші және үшінші қатардағы орындықтары кең, сыйымды жүк салғышы бар және тасжолда өзін салмақты ұстайтын ірі жеті орынды кроссовер. Сондықтан да оны көбінесе қымбатырақ отбасылық көліктердің баламасы ретінде қарастырады.
Бұл санатқа Hyundai Tucson да кіреді. Бұл модель өз класындағы ең танымал көліктердің бірі саналып келгеніне көп болды. Tucson ашық дизайнға емес, аспаның теңгерімді баптауларына, түсінікті эргономикаға және күнделікті қолданыстағы жайлылықтың жоғары деңгейіне мән береді.13,5-тен 15 миллионға дейін: премиум сегментке жақынДиапазонның жоғарғы бөлігі жоғары класты автомобильдерге айтарлықтай жақындап қалды.
Chery Tiggo 9 сегменттің ең ірі және технологиялық өкілдерінің біріне айналған. Үлкен шанақ, бай жабдықталу, жүргізушіге көмектесетін заманауи электронды жүйелер және сапалы әрлеу оны отбасылық сатып алушылар үшін ең тартымды ұсыныстардың бірі етеді. Рас, бүгінде аталған бюджетке негізінен өткен жылы шыққан автомобильдер ғана сәйкес келеді.
Еуропалық автомобильдерді қалайтындарға Skoda Karoq моделіне назар аударуға болады. Қолданыстағы арнайы ұсыныстармен бұл кроссовер 15 миллион теңгеге дейінгі бюджетке сыйып тұр. Көптеген бәсекелесінен айырмашылығы, Karoq экрандардың көптігіне немесе ерекше дизайнға емес, мұқият ойластырылған эргономикаға, сапалы әрлеу материалдарына және дәстүрлі түсінікті басқару мүмкіндігіне басымдық береді.
Сатып алу алдында нені ескеру маңызды?
Бұл сегментте автомобильдер арасындағы айырмашылық тек бағамен ғана анықталмайды.
Сатып алу алдында беріліс қорабының түріне, толық жетектің бар-жоғына, клиренске (жерден биіктігі), өндірушінің кепілдігіне және техникалық қызмет көрсету құнына назар аударған жөн. Сондай-ақ акция шарттарын алдын ала нақтылап алу маңызды: кейбір тиімді бағалар тек несие рәсімдегенде, трейд-ин бағдарламасымен немесе белгілі бір жылы шыққан автомобильді сатып алғанда ғана әрекет етеді.
Сонымен қатар дәл осы санатта тест-драйвтан өту ерекше маңызды. Сипаттамалары ұқсас автомобильдердің өзі жолда мүлдем түрліше әсер беруі мүмкін.
Салыстырмалы кесте




Модель
Бағасы
БҚ
ЖетегіҚуаты




GAC GS4 Maxот 10 590 000 теңге
Автомат
Алдыңғы / толық177 а.к.


Geely Atlasот 10 990 000 теңге
Робот
Алдыңғы174 а.к.


JAC JS8от 11 490 000 теңге
Автомат
Алдыңғы174 а.к.


Hyundai Mufasaот 11 590 000 теңге
Автомат
Алдыңғы160 а.к.


Geely Okavangoот 12 790 000 теңге
Робот
Алдыңғы200 а.к.


Hyundai Tucsonот 13 090 000 теңге
Автомат
Алдыңғы150 а.к.


Chery Tiggo 9от 13 990 000 теңге
Автоматтолық245 а.к.


KGM Torresоколо 14 900 000 теңге
Автомат
Алдыңғы / толық163 а.к.


Skoda Karoqот 14 990 000 теңге*
Автомат
Алдыңғы150 а.к.



Нәтижесінде, 2026 жылғы нарық көрсеткендей, 10-нан 15 миллион теңгеге дейінгі диапазон сатып алушылар үшін ең тартымды сегменттердің біріне айналды. Дәл осы баға аралығында шағын қалалық модельдерден жайлылығы мен жабдықталу деңгейі жоғары толыққанды отбасылық кроссоверлерге көшу басталады.
Басты кеңес өзгеріссіз қалады: автокөлікті тек сипаттамаларындағы сандарға немесе дисплейдің өлшеміне қарап таңдамаған жөн. Отырудың ыңғайлылығын, беріліс қорабының жұмысын, көріну аймағын және көліктің жолдағы жүрісін бағалау әлдеқайда маңызды. Көбіне дәл тест-драйв қай кроссовердің сізге нақты сәйкес келетінін түсінуге көмектеседі.


Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net