Добавить новость
World News





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Суға келген күмәнді есеп: көрсеткішті тексеру мүмкін болмаса, не істеу керек?

Коммуналдық төлемге қатысты шағым көп. Әсіресе, су үшін әдеттегіден әлдеқайда көп сома шықса, тұрғынның күмәндануы заңды. Бірақ бұл жолғы жағдайдың бір ерекшелігі бар: алматылық тұрғын есептегіштің көрсеткішін өзі тексере алмай отыр. Себебі су есептегіш құдықта орналасқан. Есептегішті тұтынушы көре алмайтын жерге орнату заңға сай ма? "Алматы Су" бұл мәселеде қандай талаптарға сүйенеді? Ал тұрғындар өз құқығын қорғау үшін нені білуі керек? ТengriНome осы мәселенің мән-жайын анықтап көрді.
"Су есептегіштерінің көрсеткішін қалай тексереміз?"
Редакцияға Алматы қаласы Медеу ауданындағы Думан шағынауданының жеке сектор тұрғыны жүгінді. Оның айтуынша, 2026 жылғы мамырында суық су есептегіші ауыстырылған.

"Маусымның басында коммуналдық қызметтер үшін түбіртек келді. Онда суық су мен кәріз үшін ақылға сыйымсыз сома жазылған. Суық су үшін — 21 959 теңге, кәріз үшін — 9 242 теңге. Ал бұрын біз суға 2 000 теңгеден, кәрізге 1 500 теңгеден асырып төлемейтінбіз. Бақылаушы бұл ескі есептегіш бойынша шыққан шот екенін, яғни мұның бәрін өзіміз тұтынғанымызды айтты", — дейді зейнеткер.

Оны есептегіштің құдықта орналасқаны да қатты ашуландырды, себебі ол көрсеткіштерді қайта тексере алмайды.

"Құдықтағы есептегіш көрсеткіштерін "Алматы Су" бақылаушылары алады және соның негізінде бізге шот жіберіледі. Сонда бақылаушылар өз жұмысын атқармаған ба? Енді олардың қателігі үшін біз бір айда осындай қомақты сома төлеуіміз керек пе? Әлде бақылаушы біздің ескі есептегішті шешіп алып, көрсеткішті әдейі көбейтіп жазып жіберді ме? Қанша су тұтынып жатқанымызды білу үшін есептегіш көрсеткіштерін қалай тексереміз?" — деп кейіді әйел.

"Тұтынушы толық ақпарат алуға құқылы"
Мұндай жағдайлар жиі кездесетіндіктен, ТengriНome редакциясы пікір алу үшін "Алматы Су" мекемесіне хабарласты. Ондағылар есептегіштерді құдықтарға орнату заңды екенін мәлімдеді.

"Есептегішті тиісті шекараға орнатуға техникалық мүмкіндік болмаса, суық су есептегішін аула ішіндегі аралық құдыққа қоюға болады. Мұндай жағдай, мысалы, жерасты суы көтерілгенде немесе көлік қозғалысы көп болып, көрсеткішті тұрақты тексеру қиынға соққанда кездеседі", — деп түсіндірді компания өкілдері.

Бұл ретте есептегіштің бүтін болуы мен ондағы пломбаның сақталуына, тіпті құдыққа түсуге мүмкіндігі болмаса да, абонент жауапты болады. Компания бұл мәселеде сумен жабдықтау қызметтерін көрсетудің үлгі шартындағы талаптарға сүйенеді.
"Егер жауапкершілік үй иелеріне жүктелсе, олар бақылау мен тексеруді қалай жүзеге асыруы керек?" деген сұраққа "Алматы Су" қысқаша жауап берді:

"Су өлшеу торабы мен сумен жабдықтау жүйелерін жүйелі түрде тексеріп тұру қажет".

Қазақстанның республикалық тұтынушылар қауымдастығының басшысы Жаслан Айтмағанбетовтің есептегіштерді құдыққа орнатуға қатысты көзқарасы басқаша.

"Олар (монополистер — ред. ескертпесі) қандай да бір ережелерге сілтеме жасайды. Бірақ менің білетінім: "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңда тұтынушының көрсетілетін қызметтер туралы толық әрі шынайы ақпарат алуға құқылы екені жазылған. Егер тұтынушыға толық ақпарат берілмесе, онда бұл заңсыз. Бұл оның құқығын бұзады", — деп түсіндірді құқық қорғаушы.

Оның айтуынша, тағы бір мәселе — құдықтағы есептегіштердің жоғары ылғал жағдайында тұруында. Бірнеше айдың ішінде пломбалар жарамсыз болып қалуы мүмкін. Ал оның бүлінгені үшін тұтынушыға айыппұл салынуы ықтимал. Көрсеткіштермен келіспейтіндерге ол сотқа жүгінуге кеңес береді, бірақ бұл — шығыны көп процесс.
Су есептегішін ауыстыру: тұтынушылар нені білуі керек?
Компания өкілдері есептегішті қалай ауыстыру керегін айтып берді:

Бақылаушылар есептеу құралын тоқтатқан кезде, суық су есептегішін есептен шығару туралы акт жасайды.
Актіде есептегіштің нөмірі, пломба нөмірі және көрсеткіштері көрсетіледі.
Актіге екі данада бақылаушы мен тұтынушы қол қояды, бір данасы абонентте қалады.
Тараптар есептеу құралындағы көрсеткіштерді камераға түсіріп алуға тиіс.

Айта кетейік, "Алматы Су" қызметкерлері есептегіштерді ауыстырумен айналыса алмайды.

"Жеке есептеу құралдарын орнату және ауыстыру жұмыстарын уәкілетті мемлекеттік орган берген тиісті лицензиясы бар ұйымдар жүргізуге тиіс. "Алматы Су" кәсіпорнында жеке есептеу құралдарын орнатуға лицензия жоқ. Лицензиясы бар ұйымдар орнатылған есептегіштер туралы ақпаратты береді, ал біз бұл мәліметтерді кәсіпорынның деректер базасына енгіземіз", — деп нақтылады компаниядағылар.

Негізінде абоненттер көрсеткіштерді өз бетінше алып, ай сайын 25-іне дейін мына тәсілдердің бірімен өткізуі керек:

байланыс орталығына мына нөмір арқылы: +7-727-3-777-444;
"Алматы Су" веб-порталындағы жеке кабинетке енгізу (http://www.as-portal.kz);
есептегіш көрсеткіштерінің фотосын WhatsApp мессенджері арқылы жіберу: көпқабатты үйлер үшін: +7 747 377 74 44, жеке үйлер үшін: +7 708 101 20 31, заңды тұлғалар мен басқа да тұтынушылар үшін: +7 776 028 0761;
электрон поштаға almatysu@almatysu.kz;
сонымен қатар, көрсеткіштерді бұрынғыша банк қосымшалары арқылы "Алсеко" түбіртектеріне енгізуге болады.

Кәсіпорын қызметкерлері болса, көрсеткіштердің дұрыстығын үш айда бір рет орнында тексереді. Алайда шоттар ай сайын ұсынылады.

"Төлем құжаттарында ай сайынғы есептеулердің үздіксіз болуын қамтамасыз ету мақсатында, нақты көрсеткіштер алынбаған кезеңде кәсіпорын алдыңғы көрсеткіштер бойынша орташа тәуліктік шығын негізінде шоттарды ұсынады. Кейін көрсеткіштер алынған соң, оларға түзету енгізіледі. Сонымен қатар, нақты көрсеткіштер алынған кезде автомат түрде қайта есептеу жүргізілетінін хабарлаймыз", — деп толықтырды "Алматы Су" өкілдері.

Осылайша, түбіртектерде артық төлем туралы ескертпе пайда болады. Бұл соманы алдағы есеп айырысулар үшін шотта қалдыруға немесе оны қайтаруды талап етуге болады. Ол үшін кәсіпорынға жүгіну қажет.
Алматыда су тарифі өсуі мүмкін
Қазір Алматыда су тарифі - бір текше метр үшін 76,56 теңге, кәріз қызметі үшін 47,5 теңге.

"Қазақстанның 19 ірі қаласының ішінде Алматы су тарифі бойынша 18-орында, ал кәріз тарифі бойынша 16-орында тұр. Бұл кәсіпорын тарифтерінің еліміздегі ең төменгі және әлеуметтік бағыттағы тарифтердің бірі екенін айқын дәлелдейді", — деп қорытындылады "Алматы Су".

Дегенмен, биылғы қыркүйекте тарифті көтеруге өтінім беру жоспарланып отыр.




Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net