Астанада автобус өртенді - жолаушылар сыртқа шығып үлгерді
Елорданың Есіл ауданындағы әл-Фараби даңғылының бойында автобустың қозғалтқыш бөлігі өртенді. Астаналық құтқарушылар өртті жедел сөндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ТЖМ-нің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Оқиға орнына ТЖМ және бөлімшелері дереу аттанды. Өртсөндірушілер келген бойда автобустың қозғалтқыш бөлігі ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады.“Құтқарушылар келгенге дейін барлық жолаушы салоннан өз бетінше шығып үлгерді”, - деп хабарлады ведомство.Өрт аз уақытта ауыздықталды.
“Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр”, - деп толықтырды ТЖМ.