Добавить новость
World News





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Александр Пак 10 жылын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өткізеді: ондағы жағдай қандай?

Алматыда әл-Фараби даңғылында болған атышулы жол апатына қатысты үкім шықты. Zeekr жүргізушісі Александр Пак 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда ол жазасын классикалық колонияда өтемейді – сот оны қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге жіберді, деп жазады Tengrinews.kz.
Қауіпсіздігі барынша төмен мекеме дегеніміз не?
Адвокат Абзал Қасымжановтың түсіндіруінше, бұл режим Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесіндегі ең жеңіл түрі болып саналады. Соған қарамастан, ол бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуді көздейді, демек, сотталғандар үшін белгілі бір шектеулер сақталады.

"Мазмұны жағынан олар қоныс колонияларына барынша жақын және қауіпсіздігі орташа, жоғары немесе төтенше мекемелермен салыстырғанда қатаңдығы төмен жағдайларды қарастырады. Мұндай мекемелердің негізгі мақсаты сотталған адамды оқшаулау ғана емес, сонымен бірге оны қоғамға қайта оралуға дайындау", – деп атап өтті заңгер.

Айта кетерлігі, мұндай мекемелерде қарулы күзет болмайды. Бұл туралы бізге ҚАЖК толығырақ айтып берді.

"Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын өтеп жатқан сотталғандар күзетсіз, бірақ мекеме әкімшілігінің бақылауы мен қадағалауында болады", – деп түсіндірді ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК).

Ол жерге кімдер түседі?
Адвокат Абзал Қасымжановтың айтуынша, қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге екі жағдайда түсуге болады:

Сот үкімі бойынша (бастапқыда): ол жерге қылмысты алғаш рет және, әдетте, абайсызда жасағандар (мысалы, жол апаты салдарынан) жіберіледі;
Ынталандыру ретінде: егер сотталғандар түзелу жолына түсіп, өзін жақсы жағынан көрсетсе және адал еңбек етсе, оларды қатаң немесе орташа колониялардан сонда ауыстыруы мүмкін.

Сотталғандарға не істеуге болады және неге тыйым салынған?
ҚАЖК сотталғандарға мекеме аумағында ұстауға тыйым салынған заттардың нақты тізімін көрсетті. Тыйым салынған заттардың тізіміне мыналар кірді:

ұялы телефондар және басқа да байланыс құралдары;
аудио, фото және бейнежазба функциялары бар компьютерлер мен техникалар;
атыс қаруы және суық қару;
жарылғыш заттар;
есірткі және психотроптық заттар;
әскери үлгідегі киімдер;
алкогольдік ішімдіктер;
дәрігердің рұқсатынсыз құрамында есірткі компоненттері бар медициналық препараттар.

Бұл ретте қауіпсіздігі барынша төмен мекеменің ішіндегі жаза өтеу жағдайлары да бірнеше деңгейге бөлінеді – кәдімгі, жеңілдетілген және қатаң.
Кәдімгі жағдайлар: апта сайын моншаға бару
Кәдімгі жағдайдағы сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады. Оларға мыналарға рұқсат етіледі:

белгіленген уақытта мекеме аумағында еркін жүріп-тұруға;
әкімшіліктің рұқсатымен мекеме аумағынан тыс жерлерге, бірақ іргелес аумақ шегінде қадағалаусыз шығуға – егер бұл жұмыс бабымен, оқу үшін, бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алу немесе моншаға не шаштаразға бару үшін керек болса. Мұны айына төрт рет, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жасауға болады;
арнайы форманың орнына кәдімгі азаматтық киім киюге;
өзімен бірге ақша мен құнды заттарды ұстауға;
ақшаны ешқандай шектеусіз пайдалануға;
жақындарымен көрісуге – айына бір рет қысқа мерзімді және бір рет ұзақ мерзімді кездесу.

Жеңілдетілген жағдайлар: отбасымен бірге тұруға болады
Жеңілдетілген жағдайға ауыстырылған сотталғандар да жатақханаларда немесе камераларда тұрады, бірақ олар кәдімгі жағдайларға қоса қосымша құқықтарға ие болады:

әр апта сайын бір қысқа мерзімді және бір ұзақ мерзімді кездесу;
отбасымен бірге тұру – жалдамалы немесе жеке тұрғын үй алаңында, бірақ тек мекеме орналасқан елді мекеннің шегінде ғана.


"Бұл ретте олар мекеме бастығының қаулысымен белгіленген күндері айына төрт рет мекемеге тіркелу үшін келуге және тұрғылықты жері бойынша сағат 21:00-ден 7:00-ге дейін болуға міндетті. Мекеме әкімшілігі сотталғандар тұратын тұрғын үйлерге тәуліктің кез келген уақытында баруға құқылы", – деп хабарлады ҚАЖК.

Қатаң жағдайлар: 3 айда бір рет кездесу
Бұл үш режимнің ішіндегі ең шектеулісі. Сотталғандар мұнда да жатақханаларда немесе камераларда тұрады, бірақ барлық дерлік құқықтар әкімшіліктің жеке рұқсатын талап етеді:

мекеме аумағында жүріп-тұру – тек әкімшіліктің рұқсатымен;
азаматтық киім кию;
ақшаны шектеусіз пайдалануға;
бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алу үшін мекемеге іргелес аумақтан тыс жерлерге шығуға – бірақ тек әкімшіліктің рұқсатымен және айына бір рет қана, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін;
жақындарымен кездесуге – тоқсанына бір рет қысқа мерзімді кездесу және жарты жылда бір рет ұзақ мерзімді кездесу құқығы беріледі.

Жұмыс істеуге бола ма?
ҚАЖК мәліметінше, мекеме әкімшілігі сотталған адамды өз кәсіпорнына да, одан тыс жерлерге де жұмысқа жібере алады – бірақ тек сол облыстың шегінде.

"Сотталғандар мекеме әкімшілігі мен жұмыс беруші арасындағы шарттар негізінде мекеме орналасқан тиісті облыс шегіндегі өзге ұйымдарда тұру құқығынсыз жұмысқа орналастырылуы мүмкін. Мінез-құлқының теріс дәрежесі бар сотталғандарға қылмыстық-атқару жүйесінің мемлекеттік мекемелерінен тыс жерде тұру құқығы берілмейді", – деп хабарлады комитет.

Сотталғандар жоғары білім ала алады
ҚАЖК сотталғандардың жоғары білім алуына болатынын нақтылады.

"Сотталғандарға мекеме орналасқан тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, елорданың аумағында орналасқан жоғары және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында сырттай оқуға, соның ішінде мекемеде тиісті техникалық жағдайлар болған жағдайда қашықтан оқуға рұқсат етіледі", – деп нақтылады ведомство.

Адвокат Абзал Қасымжанов еңбек және білім беру қызметіне қатысу сотталғанның алдағы тағдырына тікелей әсер ететінін айтады.

"Жұмысқа орналасу және түзеу бағдарламаларына қатысу көбіне шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жаза өтеу шарттарын одан әрі жеңілдету мәселелерін шешу кезінде ескеріледі", – деп түсіндірді Қасымжанов.

Александр Пак 10 жылдық мерзімін қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде – Қазақстандағы түзеу мекемелерінің ең жеңіл түрінде өтейді деп күтіледі. Бұл ретте үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Қорғаушы тарап та, жәбірленушілер де оған апелляциялық сатыда шағым түсіре алады.
Сот үкімі
Еске сала кетейік, 22 маусымда Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 33 жастағы Александр Пакқа қатысты үкім шықты. Судья оны Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды – "Абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне алып келген алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы".
Оған 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтеуді сұраған болатын.

Сондай-ақ сот қаза тапқан 20 жастағы Т.К.-ның әкесінің азаматтық талап-арызын ішінара қанағаттандырып, Пакты 10 миллион теңге көлемінде моральдық зиян өтеуге міндеттеді. Бұған дейін марқұмның әкесі 100 миллион теңге өтемақы талап еткен болатын.
Әл-Фарабидегі қайғылы оқиғаның хронологиясы
Еске салайық, 21 наурызға қараған түні Алматыда ірі жол апаты болды: әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында Mercedes пен Zeekr автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты.

Mercedes маркалы көліктің 29 жастағы жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі жолаушы қыз оқиға орнында көз жұмды. Zeekr жүргізушісі аман қалып, түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Жол апаты кезінде ол мас болған.
Оған қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Сонымен қатар мемлекеттік нөмір белгілері заңсыз берілуі мүмкін деген уәждер бойынша Өзіндік қауіпсіздік департаментімен қылмыстық іс қозғады, бірнеше лауазымды адам қызметінен босатылды.
12 мамырда істі тергеу аяқталды. 28 мамырда Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала тыңдау өтті.

Әлеуметтік желілерде жол апатына полиция қызметкері қатысқан көше жарысы себеп болуы мүмкін деген нұсқалар пайда болды, содан кейін тексерулер мен қызметтік тергеулер басталды. ІІМ Алматы ПД-ның бірқатар басшысын қызметінен шеттетті, олардың бірінің жүргізушісі ұсталды.
Дау салдары
Осыдан кейін 26 наурызда ІІМ мәлімдеме жасады. Сондай-ақ министрдің бұйрығымен Алматы Полиция департаменті бастығының сыртқы қызметтер мен жол қауіпсіздігін қадағалайтын орынбасары, сондай-ақ әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметтерінен босатылды.
Қазір Алматы Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Ержан Ұзабаев пен Әкімшілік полиция басқармасының бұрынғы басшысы Серік Шұмаев әл-Фараби даңғылындағы жол апаты туралы видео жариялаған блогер Әділетхан Молдаханмен соттасып жатыр.
Олардың адвокаттарының айтуынша, видеода блогер полицияны жалған нөмір тағып, көліктерінің әйнектерін заңсыз қараңғылатқан жастарды қорғаштайды деп мәлімдеген. Оның пайымдауынша, мұндай әрекеттер жол апатына себеп болуы мүмкін.
Анықтама: Молдаханға Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы "Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, көрінеу жалжал ақпарат тарату" бойынша айып тағылып отыр.

Тағы оқыңыз: Алматыда Әділетхан Молдаханға қатысты сот басталды: зардап шеккендердің арасында ПД бастығының бұрынғы орынбасары бар


Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net