Добавить новость
World News





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Алматыдағы қасбеттің реконструкциясы: тұрғындар нені білуі керек?

Алматыда үйлердің қасбеті реконструкция бағдарламасы аясында жаңартылып жатыр. Бұған қуанған тұрғын көп, бірақ мұндай өзгерісті онша құп көрмейтіндер де бар. Олар: тұрғындар жобаның басында немесе құрылыс жұмыстары жүріп жатқан кезде жаңғыртудан бас тарта ала ма? Бұл қандай жағдайда мүмкін? Үйдің қаптамасын ауыстыру басталғанда пәтер иелері тағы нені ескеруі керек? TengriHome осы сауалдарды мегаполистің аудандық әкімдіктері мен сарапшыларға жолдады.
Алматыдағы қасбеттерді реконструкциялау: бағдарламаға қанша үй енді?

Бостандық ауданы — 24 үй жаңартылпы жатыр.
Алмалы ауданы — биыл 60 үйдің қасбетін жаңарту жоспарланған.
Түрксіб ауданы — биыл жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ.
Медеу ауданы — көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде жұмыстар аяқталды.
Әуезов ауданы — шарт жасалды, дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Жетісу ауданы — бюджет қаржысының болмауына байланысты мұндай жұмыс қарастырылмаған.
Наурызбай ауданы — биыл тұрғын үйлердің қасбеттерін қалпына келтіру жоспарда жоқ.

Қасбеттерді жаңарту: тұрғындардың пікірі ескеріле ме?
Бұл сұраққа аудандық әкімдіктердің берген жауаптары негізінен ұқсас болды. Түйіні — жөндеу басталмас бұрын тұрғындармен кездесулер өткізіледі. Онда эскиздік шешімдер, материалдардың үлгілері және орындалатын жұмыс түрлері таныстырылады.

"Жиналыстар барысында пәтер иелеріне қасбеттің эскизі мен дизайнын келісу үшін жобалар ұсынылады, сондай-ақ жүргізілетін жұмыстардың кестесі бойынша толық түсіндірме беріледі", — деп хабарлады Алмалы ауданының әкімдігі тұрғындармен кездесу форматы туралы.

Бостандық ауданының әкімдігі жаңғырту барысында шенеуніктердің қосымша кездесулер ұйымдастыра алатынын мәлімдеді. Мәселелерді жедел шешу үшін пәтер иелерінің, мердігер ұйымдардың және аудан әкімі аппараты өкілдерінің қатысуымен чаттар құрылып жатыр.
Пәтер иелері жоба бойынша ескертулерін айта ала ма?
Айталық, тұрғындарға эскиздің нұсқасы немесе болашақ қаптама ұнамады. Олардың пікірі ескеріле ме?

"Пәтер иелері тарапынан ескертпе немесе ұсыныс болса, барлық мәселе мердігер ұйыммен және тапсырыс берушімен бірлесіп қаралады. Техникалық мүмкіндік болған жағдайда жекелеген шешімдер тұрғындардың пікірін ескере отырып түзетіледі", — деп жауап берді Бостандық ауданының әкімдігі.

Түрксіб ауданының әкімдігі де ұсыныстар мен ескертулерді қарастыруға дайын. Бірақ олар негізді болуға тиіс. Мұндай жағдайда мамандар мен жобалаушылар техникалық және экономикалық тұрғыдан өзгертулер енгізу мүмкіндігін қосымша талдай алады.
Фото: © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Алайда қаптама мен сәулет-көркемдік шешімдер жобалық құжаттама әзірленетін кезеңде бекітіледі. Ол құрылыс нормалары мен техникалық регламент талаптарын ескере отырып жасалады.

"Қасбеттерді жаңғырту бағдарламасы әр ғимаратқа арналған жеке жобалық шешімдер негізінде жүзеге асырылады. Мердігерлер тарихи элементтер мен жапсырма әшекейлерге тиіспейді. Қасбеттерді жаңарту кезінде мәрмәр және өзге де төзімділігі төмен материалдарды қолданудан жүйелі түрде бас тартылды. Басымдық сертификатталған табиғи қазақстандық тас пен гранитке беріледі. Бұл ғимараттардың ұзақ мерзім пайдаланылуына және қауіпсіздігіне кепілдік береді. Барлық жобалық құжаттама қалалық дизайн-код талаптарының сақталуы бойынша сәулет және қала құрылысы басқармасының қатаң бақылауынан өтеді", — деп нақтылады Алмалы ауданының әкімдігі.

Жобадан толық бас тарту мүмкін бе?
Әкімдіктің ұстанымы
Бостандық ауданының әкімдігі жиналыстағы талқылау нәтижелері хаттамамен ресімделетінін айтты. Құжатта тұрғындардың ұстанымы көрсетіледі. Құрылыс жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі мен сәулеттік шешімдерді келісу туралы шешімді жиналыс қатысушылары көпшілік дауыспен қабылдайды.

"Жұмыстар қаланың сәулет келбетін жақсартуға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғандықтан, сондай-ақ толығымен бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатындықтан (пәтер иелерінен нысаналы жарналар жиналмайды), жұмыстардан толық бас тарту немесе бекітілген қауіпсіздік стандарттары мен қаланың бірыңғай дизайн-кодына сәйкес келмейтін материалдарды пайдалануды талап ету қарастырылмаған", — деп нақтылады Алмалы ауданының әкімдігі.

Сарапшылар не дейді?
Заң кеңесшісі Фарид Алиев тұрғындардың жаңғыртудан бас тарта алмайтынын айтады.

"ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3-бабы, 2-тармағының 8-тармақшасына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджетте қаражат болған жағдайда, елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беру мақсатында көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғалары мен шатырын реконструкциялауды, ағымдағы немесе күрделі жөндеуді ұйымдастыруға және қаржыландыруға құқылы. Алматыда бұл қосымша мәслихаттың 2023 жылғы 29 желтоқсандағы қаланың дизайн-кодын бекіту туралы шешімімен бекітілген", — деп түсіндірді ол заң тұрғысынан.

Бұл мәселедегі негізгі түйткіл — қаржыландыру. Егер жұмыс меншік иелерінің нысаналы жарналарынсыз бюджет есебінен төленсе, онда бұл шешім көпшілік дауыспен қабылданатын классикалық ортақ мүлікті күрделі жөндеуге жатпайды.
Фото: © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Бұл жерде әкімдік тарапынан қаланың сәулет келбетін арттыру мақсатында қоғамдық абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Фарид Алиевтің айтуынша, бұл жағдайда заң тұрғындарға жұмысты бұғаттауға құқық бермейді. Өйткені олардың мүліктік мүдделеріне нұқсан келмейді.

"Бас тарту мүмкіндігі теориялық тұрғыда тек әкімдік шығынның бір бөлігін меншік иелеріне жүктемек болғанда немесе олардың келісімін қажет ететін аймаққа (мысалы, пәтер ішіндегі жеке мүлікті демонтаждау) араласқан жағдайда ғана туындар еді", — деп толықтырды заңгер-кеңесші.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұлттық палатасының президенті Талғат Мұхамедғалиев қасбет те кіретін ортақ мүліктің кімге тиесілі екенін нақтылауды ұсынды. Айта кетейік, Алматыда кондоминиум ретінде тіркелген нысандар 20 пайыздан да аз. 

"Кондоминиумді тіркеу деген не? Бұл — жалпы үй мүлкіне құқықтарды тіркеу. Сізде кондоминиумді тіркеу туралы куәлік бар ма? Жоқ. Демек, құқықтарыңыз бекітілмеген. Ал құқық бекітілмесе, үйдің мүддесін қалай қорғап, сол қасбет бойынша қалай шешім қабылдауға болады?" — деді Талғат Мұхамедғалиев.

Жұмыс сапасыз орындалса, не істеу керек?
Егер алдын ала кездесулерде тұрғындарға бір жоба мен материал таныстырылып, бірақ іс жүзінде мердігер басқасын қолданса немесе технологияны бұзса, тұрғындар аудандық әкімдікке немесе сәулет және қала құрылысы басқармасына шағымдана алады. Ал құрылыс нормалары бұзылған жағдайда, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына жүгіну қажет.

"Егер өтініштер нәтиже бермесе, тұрғындар кемшіліктерді жоюды немесе орындалған жұмыстарды мәлімделген жобаға сәйкестендіруді сот тәртібімен талап етуге құқылы. Бірақ іс жүзінде бұл — ұзақ жол. Сондықтан ең бірінші және тиімді қадам — әкімдікке бұзушылықты тіркеп (фотосурет, жобаға сәйкес еместік актісі), жазбаша өтініш беру", — деп нұсқады Фарид Алиев.

Балкондарды жылыту керек пе?
Бағдарлама аясында балкондардың қасбеті де жаңартылады. Ол үшін олардың әйнегі, қаптамасы мен жылу оқшаулағыш материалы демонтаждалады. Мердігерлер жаңа қаптаманы үйді жылытуды ескере отырып орнатуға міндетті ме?

"Иә. Қасбет элементтерін (соның ішінде балкон қаптамасы мен жылытқышын) демонтаждау бірыңғай реконструкциялау жобасы аясында жүргізіледі. Мердігер мұндай элементтерді бекітілген жобалық құжаттамаға сәйкес қалпына келтіруге міндетті. Бұл — әкімдікпен жасалған келісімшарт бойынша орындаушы жауап беретін жұмыс көлеміне кіреді. Егер демонтаждалған дүние қалпына келтірілмесе немесе жылусыз, сапасы төмен материалмен ауыстырылса, бұл - жұмыс шарттарын тікелей бұзу. Бұған пәтер иелері емес, мердігер жауапты", — деп есептейді заңгер-кеңесші.

Тұрғындар тағы не нәрсеге назар аударуы керек?
Фарид Алиев жұмыс басталғанға дейін балкондар мен қасбеттің күйін фото мен видеоға түсіріп алуды ұсынады. Сондай-ақ жобаның алдын ала таныстырылымы расымен өткеніне және эскиздің сақталғанына (скриншот, көшірме) көз жеткізу маңызды. Кесте бойынша жұмыстардың орындалу мерзімін нақтылап, одан ауытқуларды тіркеп отыруға болады.

"Жұмыстар тұрғындардан мақсатты жарна алынбай, бюджет есебінен қаржыландырылатындықтан, мердігер қандай да бір шығынды меншік иелеріне жүктеуге тырыспауын қадағалау керек. Мысалы, қосымша жұмыс деген сылтаумен ақша талап етуі мүмкін. Бұл бюджет бағдарламасының шеңберінен шығады және тұрғындардың келісімін талап етеді", — деп ескертті Фарид Алиев.

Талғат Мұхамедғалиев шенеуніктерге тек қасбеттерді емес, бүкіл үйді реконструкциялау туралы ойлануды ұсынады. 

"Реконструкция бүкіл үй мен оның шатырын қамтыса екен деймін. Яғни, көшеге, жол жиегіне "қарап тұрған" қасбеті жасалады да, үйдің артқы жағы қала бере ме? Бізге мұндай тәжірибеден арылу керек. Жұмысты аяғына дейін сапалы істеген жөн. Үйдің қаптамасы да, шатыры да бірыңғай стильде орындалуға тиіс", — дейді ол. 

Жалпы, процеске белсене қатысу маңызды. Егер ескертулер болса, оны басынан айту керек. Мердігер жұмысынан қандай да бір кемшілік байқадыңыз ба? Әкімдікке немесе оның тиісті басқармаларына хабарлаңыз.



Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net