Әлем чемпионатының ашылу матчі: Қазақстанда қайдан және сағат нешеде көруге болады?
Мундиалдың ашылу ойынында, тура 16 жыл бұрынғыдай, Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасының (ОАР) құрамалары кездеседі. Сол жолы Йоханнесбургтегі кездесу тең есеппен аяқталған болатын.
Мексика - ОАР: тікелей трансляцияӘЧ-2026 алғашқы матчінің трансляциясы 11 маусым күні Қазақстан уақытымен сағат 23:40-та басталады. Ойынды Qazaqstan телеарнасы мен сайты тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, алғашқы ысқырық шалынғанға дейін әлем чемпионатының ашылу салтанаты жоспарланған.
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты: кестесіЕске сала кетейік, биыл турнир алғаш рет бірден 48 команданың қатысуымен өтеді. Олар 12 топқа бөлінген және ойындар үш елде: АҚШ, Мексика және Канадада өтеді.Әлем чемпионатының барлық 104 ойыны 11 маусым мен 20 шілде аралығында өтеді. Топтық кезеңнің бірінші туры 18 маусымға дейін жалғасады.ӘЧ-2026: бірінші турдың кестесі12 маусым
00:00 Мексика - ОАР;07:00 Оңтүстік Корея - Чехия.
13 маусым
00:00 Канада - Босния және Герцеговина;06:00 АҚШ - Парагвай;09:00 Австралия - Түркия.
14 маусым
00:00 Катар - Швейцария;03:00 Бразилия - Марокко;06:00 Гаити - Шотландия;22:00 Германия - Кюрасао.
15 маусым
01:00 Нидерланд - Жапония;04:00 Кот-д’Ивуар - Эквадор;07:00 Швеция - Тунис;21:00 Испания - Кабо-Верде.
16 маусым
00:00 Бельгия - Мысыр;03:00 Сауд Арабиясы - Уругвай;06:00 Иран - Жаңа Зеландия;09:00 Аустрия - Иордания.
17 маусым
00:00 Франция - Сенегал;03:00 Ирак - Норвегия;06:00 Аргентина - Алжир;22:00 Португалия - Конго ДР.
18 маусым
01:00 Англия - Хорватия;04:00 Гана - Панама;07:00 Өзбекстан - Колумбия;
Топтық кезеңнің толық кестесімен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Публикация «QAZSPORT» телеарнасының ресми парақшасынан (@qazsport_official)
Бұған дейін Футболдан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңіне шықты.