МҰҚК экс-басшысы Қамшыбек Тәшиев көпшілік алдына шығып, Жапаровты мақтады
Қырғыз пабликтерінде МҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиевтің видеосы тарады. Ол ұзақ уақыттан бері алғаш рет көпшілік алдына шығып отыр. Саясаткердің жақтастары оның бірнеше видеосын жариялады. Соның бірінде Тәшиевтің Қызыл-Туу ауылында футбол алаңын ашып жатқаны көрсетілген, рәсімге жас футболшылар қатысқан.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Қамшыбек Ташиевтің фанаттар парақшасынан (@kamchybek_tashiev_fan)
Тағы бір видеода Тәшиев бір отбасыға жаңа үйдің кілтін табыстайды. Бұл баспана қиын жағдайға тап болған жандарға көрсетілетін қайырымдылық көмек аясында салынған.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
"Тандыр Медианың" орыс тіліндегі парақшасынан (@tandyr.media)
Қоныс иелерін құттықтау кезінде МҰҚК-ның экс-басшысы ел президенті Садыр Жапаровты атап өткен. Оның айтуынша, азаматтарды баспанамен қамтуға бағытталған саясатты нақ осы президент жүргізіп отыр.
"Мемлекетте қандай саясат жүріп жатқанын өздеріңіз көріп отырсыздар: әр адамның өз үйі болуы керек. Мемлекет басшысы, құрметті президент Садыр Нұрғожаұлы кеше Ошта ипотекалық үйлерді ашты, Қара-Сууда ашты, өздеріңіз де көрген шығарсыздар. Мыңдаған адамға: Ошта – 600, Қара-Сууда – 400 адам. Мемлекеттің саясаты осындай. Үйсіз қиналған әр отбасы баспаналы болуы тиіс", - деп келтіреді Қамшыбек Тәшиевтің сөзін Kaktus.media.
Қамшыбек Тәшиевтің ісі: судьяға құпия куәгерлерге байланысты қарсылық білдірілді
Қамшыбек Тәшиевтің ісі
Бұған дейін адвокат Икрамидин Айткулов Қамшыбек Тәшиевке Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің "Билікті күшпен басып алу немесе билікті күшпен ұстап тұру, сол сияқты конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге бағытталған әрекеттер" және "Лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану" баптары бойынша айып тағылғанын айтқан болатын.
Мәселе осы баптың 2-ші және 4-ші бөліктері туралы болып отыр: өзі немесе басқа тұлғалар үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсатында немесе өзге де жеке мүдделілікпен жасалған әрекет, сондай-ақ жауапты лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекет.
Қырғызстанның бұрынғы Бас прокуроры Құрманқұл Зулушев пен парламенттің бұрынғы спикері Нұрланбек Тұрғынбек ұлына қатысты жағдай белгісіз. Олар да осы іс бойынша айыпталған.
Мән-жайы
Еске салайық, ақпанда 75 адам Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Жоғарғы кеңес төрағасына мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы үндеу жолдағаны белгілі болған еді.
10 ақпанда Жапаров өзінің досы әрі серіктесін Қамшыбек Тәшиевті барлық лауазымынан босатты. Қырғызстан басшысы баспасөз қызметі мәліметінше, "бұл қадамның басты мақсаты - мемлекет бірлігін нығайту және қоғамдағы, соның ішінде мемлекеттік құрылымдар арасындағы іріткіге жол бермеу". Жапаровтың баспасөз хатшысы сөзінше, Тәшиевтің жақын ортасындағы адамдар депутаттарға телефон соғып, оларды "генералдың жағына шығуға" және "жаңа президент сайлауына бастамашы болуға" көндірмек болған.
Бұрынғы досы әрі серіктесімен араздасуы туралы айта келе, Жапаровтың өзі бұл мәселені трагедияға айналдырмауға шақырды.
Тәшиевтің отставкасынан кейін күштік құрылымдарда қайта құру басталды: оның орынбасарлары қызметінен айырылды, Шекара қызметі ҰҚМК құрамынан шығарылды, сондай-ақ тікелей президентке бағынатын жаңа Мемлекеттік күзет қызметі құрылды.
Кейінірек қылмыстық іс қозғалды. "75-тің хатына" қол қойғандардың бір бөлігі тергеу изоляторына қамалды. Оларға жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып тағылған.
Тағы оқыңыз: “Мен үшін “дос“ деген ұғым жоқ“: Жапаров Тәшиев пен “мемлекеттік төңкеріс әрекеті“ туралы