Добавить новость
World News





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Көлікті қайта жабдықтау: Қазақстанда жүргізушілерге қойылатын талаптар қалай өзгереді?

Қазақстанда автокөліктерді техникалық байқаудан өткізу саласындағы кезекті өзгерістерге дайындық жүріп жатыр. Көлік министрлігі халықаралық тәжірибені зерттеп, бақылаудың жаңа технологияларын енгізу мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Tengri Auto.
Ведомство мәліметінше, болашақта Қазақстанда операторлардың қатысуынсыз диагностикалық жабдықтан деректерді тікелей мемлекеттік базаларға автоматты түрде жіберу жүйелері, сондай-ақ техникалық байқау процестерін тәулік бойы онлайн-бейнемониторингтеу енгізілуі мүмкін.
Министрлік пікірінше, бұл процедуралардың ашықтығын арттырып, формальды тексерулер санын азайтуы тиіс.
Еске сала кетейік, биыл ІІМ автокөліктерді қайта жабдықтауды заңдастыру тәртібіне енгізілген өзгерістерді бекіткен болатын. 2026 жылғы 27 қаңтардан бастап көлік иелері үшін көлік құралының құрылымына енгізілген өзгерістерді заңдастыру қиындай түсті.
Жаңа ережелер қайта жабдықтаудың ең танымал түрлерінің көпшілігіне қолданылады:

ГБЖ орнату;
күшейтілген бамперлер;
жүк тартқыш;
шноркельдер;
стандартты емес тіркеме ілгегі;
қозғалтқышты ауыстыру;
салон құрылымын өзгерту;
жүк көлігін жолаушылар көлігіне айналдыру.

ІІМ күшейтілген бамперлер туралы не дейді?
Редакцияға жол талғамайтын көлік, жеңіл автокөлік иелері мен тюнинг әуесқойлары бірнеше рет жүгінген болатын. Басты сұрақтардың бірі қорғаныш доғаға, күшейтілген бамперлерге, пластикалық қаптама және сыртқы тюнингтің басқа да элементтеріне қатысты болды: мұндай өзгерістер жаңа талаптарға іліге ме және оларды қосымша заңдастыру қажет пе?
Редакция сауалына берген жауабында ІІМ Кеден одағының Техникалық регламенті М1 және N1 санатындағы көлік құралдарына бампер сызығынан алға шығып тұратын және болаттан немесе соған ұқсас беріктіктегі материалдардан жасалған құрылымдарды орнатуға тыйым салатынын еске салды.
Анықтама: М1 санатына жүргізушіні қоспағанда, отыратын орындарының саны сегізден аспайтын кәдімгі жеңіл автокөліктер жатады, ал N1 санатына толық салмағы 3,5 тоннаға дейінгі жеңіл жүк көліктері кіреді.
Басқаша айтқанда, мәселе Қазақстан жолдарында күнделікті қолданылатын көліктердің көпшілігі туралы болып отыр. Тек автомобильдің зауыттық құрылымында қарастырылған немесе белгіленген сәйкестікті бағалау процедурасынан өткен элементтер ерекшелік болып табылады.
Бұл ретте ІІМ жауабынан жаңа талаптар бамперлердің кез келген сыртқы тюнингіне қолданылады деген қорытынды шықпайды. Ведомство дәл автокөлік габариттерінен шығып тұратын және соқтығысу кезінде қауіпсіздікке әсер ететін құрылымдарға, атап айтқанда күшейтілген бамперлерге, металл қорғаныс доғаларына және басқа да ұқсас элементтерге сілтеп отыр.
Ал сәндік жапсырмалар, пластикалық жабындар және жеңіл көлік бамперлерінің басқа да визуалды өзгерістері жаңа ережелердің қолданысына жата ма, жоқ па - ІІМ жауабынан оны нақты түсіну мүмкін емес. Редакция қосымша сауал жолдады және бұл мәселе бойынша егжей-тегжейлі пікір алуға тырысады.
LED-линзалар мәселесі не болмақ?
Сондай-ақ редакцияға оқырмандардан автокөліктердің штаттық оптикасына заманауи LED-линзаларды орнатуға қатысты көптеген сұрақ түсті.
Автокөлік иелерінің айтуынша, сапалы линзаланған LED-модульдер штаттық галогендік шамдармен салыстырғанда жолды жарық әрі біркелкі жарықтандыруды қамтамасыз етеді, бұл тәуліктің қараңғы уақытында қозғалыс қауіпсіздігін арттыруы мүмкін. Осыған байланысты оқырмандар мұндай модернизацияны заңдастыру мүмкіндігі қарастырылған ба және мемлекет қолданыстағы шектеулерді қайта қарауды жоспарлап отыр ма деген сауал тастады.
Біз пікір алу үшін ІІМ-ге жүгіндік. Ведомство ең алдымен қолданылатын жарық көздері көлік құралын өндірушінің талаптарына немесе қайта жабдықтау процедурасы аясында орнатылған сертификатталған жабдықтың құжаттамасына сәйкес келуі керек екенін ескертті.

"Сыртқы жарық беру құралдарына кез келген өзгерістер КО ТР 018/2011 талаптары сақталған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Жарықтандыру элементтерінің өзі жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін компоненттерге жатады және міндетті сертификаттаудан өтуі тиіс", - деп жауап берді ІІМ.

Бұл ретте ІІМ штаттық галогендік шамдарға LED-линзаларды орнатуды жеке заңдастыру жоспары туралы хабарлаған жоқ.
Зертханасыз қайта жабдықтауды рәсімдеу енді мүмкін емес
Биылғы басты жаңалық - аккредиттелген сынақ зертханасында тексеруден міндетті түрде өту талабы. Егер бұрын көптеген өзгеріс қызмет көрсету орталықтары немесе делдалдар арқылы рәсімделсе, енді қайта жабдықталғаннан кейін автокөлік қауіпсіздікті толыққанды бағалаудан өтуі тиіс.
Зертхана көлік құралының Кеден одағының КО ТР 018/2011 Техникалық регламенті мен ҚР СТ 1418-2018 ұлттық стандарты талаптарына сәйкестігін растауы керек.
Иесі тиісті хаттаманы алғаннан кейін ғана өзгерістерді рәсімдеу процедурасын аяқтай алады.
Қандай құжаттар қажет болады?
Құрылымның қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлікті алу үшін мыналарды ұсыну қажет:

көлік құралын тіркеу туралы куәлік;
көлік құрылымына өзгерістер енгізуге полицияның рұқсаты;
алдын ала техникалық сараптама қорытындысы (егер қайта жабдықтау типтік шешімдерге жатпаса);
сынақ зертханасының хаттамасы;
техникалық байқаудан өткеннен кейінгі диагностикалық карта.

Зертханаларды қайдан іздеу керек?
Ең өзекті мәселелердің бірі - сынақ зертханаларының қолжетімділігі.
ІІМ мәліметінше, аккредиттелген сынақ зертханаларының тізілімін жүргізумен Сауда және интеграция министрлігі айналысады, ал тексерудің өзі Еуразиялық экономикалық одақ сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханаларда жүргізілуі тиіс.
Алайда іс жүзінде жағдай соншалықты біркелкі емес. Ұлттық аккредиттеу орталығының тізілімінде барлығы 374 зертхана бар, бірақ олардың басым бөлігі Алматы мен Астанада шоғырланған. Кейбір өңірде мұндай ұйымның біреуі ғана жұмыс істейді, ал олар туралы ақпарат қарапайым автокөлік иелері үшін әлі де қолжетімсіз.
Сонымен қатар қолданыстағы тізілім ең алдымен техникалық реттеу саласындағы мамандарға арналған және көлік құралын қайта жабдықтауды рәсімдеу үшін зертхана іздеген автокөлік иелеріне түсінікті жеке бөлімі жоқ.
Өңірлер бойынша іздеу мүмкіндігі бар ыңғайлы қоғамдық зертханалар тізілімін құру туралы сауалға ІІМ әзірге нақты жауап берген жоқ.
Баға көтерілуі мүмкін
Жаңашылдықтардың ең айтарлықтай салдары қайта жабдықтауды рәсімдеу құнының өсуі болуы мүмкін.
Егер міндетті зертханалық сараптама конструкциядағы өзгерістерді заңдастырудың жалғыз жолына айналса, әсіресе мұндай ұйымдар аз шоғырланған өңірлерде қолданыстағы зертханаларға түсетін жүктеме айтарлықтай артады.
Мемлекеттің техникалық байқауды цифрландыру, бақылауды күшейту және процестерді автоматтандыру жоспарларын ескерсек, алдағы жылдары қайта жабдықталған көліктерге қойылатын талаптар тек қатая түсуі ықтимал. Тюнинг жасалған көлік иелеріне бұл кез келген құрылымдық өзгерістерді алдын ала келісіп, барлық белгіленген ережелер бойынша рәсімдеу қажеттігін білдіреді.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда көлікті қайта жабдықтау жеңілдетілмек





Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net