Добавить новость
World News





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


1,3 миллиард теңгеге қатысты іс: Павлодар облысында әкімнің орынбасары ақталды

Павлодарда Баянауыл ауданы әкімінің орынбасарына қатысты қоныс аударушылар мен қандастарға 1,3 миллиард теңге субсидия төлеуге байланысты салғырттық туралы атышулы іс бойынша сот аяқталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әкім орынбасарына қандай айып тағылды?
49 жастағы аудан әкімінің орынбасары Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын басқарып тұрған кезінде лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамай, соңы ауыр зардаптарға әкеп соқтырды деп айыпталды.
Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Әнуарбек Оспановтың мәлімдеуінше, шенеунік пен оның бұрынғы қол астындағы қызметкерлері Бас прокуратураның тапсырмасымен облыс прокуратурасы жүргізген тексерістен кейін тергеуге ілінген. Осы уақытта облыста мансап орталығының және бұрынғы жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлеріне қатысты 15 қылмыстық іс тіркелген болатын.
Тергеу нұсқасы бойынша, сотталушылар 2022 жылдың қазанынан 2024 жылдың наурызына дейін қоныс аударушыларды қабылдау квотасына енгізу жөніндегі өңірлік комиссия құрмай, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен келген 280 қоныс аударушы мен қандасты мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар тізіміне заңсыз енгізген-мыс. Соның салдарынан оларға 1 миллиард 311 миллион теңге субсидия төленген.
Тергеу нені дәлелдей алмады?
Сотта айыптау қорытындысына маманның қорытындысы негіз болғаны, ал ол құжат прокурорлық тексеруден кейін ғана күшіне енген заңнама нормаларына сүйеніп жасалғаны анықталды. Қорғаушы тарап бұл құжатты жарамсыз дәлел ретінде тануды сұрады және сот бұл өтінішті мақұлдады.
Оспановтың айтуынша, аталған қорытындыда алаяқтық, бюджет қаражатын жымқыру және теріс пайдалану фактілеріне жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылығы мен қызметкерлері емес, мансап орталықтарының, бұрынғы жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері мен жекелеген төлем алушылар жол бергені көрсетілген.

"Тергеуші айыптау актісінде сотталушылар қоныс аудару ережелерін, әлеуметтік кодекс талаптарын бұзды деп бәрін араластырып жіберген. Бұл ретте олар тіпті өңірлік комиссияның мүшесі де болмаған. Себебін білмеймін – асықты ма, әлде қолда бар дәлелдерге тиісті баға бермеді ме, бірақ бұл айыптау шындыққа жанаспайтын формальды негіздер бойынша құрылған", - деді судья.

Ол қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау көрсету процедурасы екі кезеңнен тұратынын атап өтті. Алдымен адамды өңірлік квотаға қосу туралы шешім қабылданады. Содан кейін құжаттар мансап орталықтарына жіберіліп, сол жерде әлеуметтік келісімшарттар жасалып, субсидиялар төленеді.
Неге сот сотталушыларды ақтады?

"Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшылығының, мамандарының іс-әрекеті мен салдар арасында себеп-салдарлық байланыс жоқ. Сотталушылар төлем жасау туралы шешім қабылдамаған. Салдар олардың салғырттығынан болды деп бекіту – үлкен қателік. Меніңше, іс материалдарын үстірт зерттеудің кесірінен тергеуші осындай қате тұжырымға келген", - деп түйіндеді судья.

Фото Tengrinews.kz
Ол 1,3 миллиард теңге шығын тек әлеуметтік келісімшарттардың шарттарын бұзу салдарынан туындауы мүмкін екенін, бірақ бұл жағдайлар айыптау актісінде көрініс таппағанын қосты.
Сот іс-әрекеттерінде қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты үш фигурантты да ақтады. Айта кетейік, сот талқылауы алты айға созылды, ал оған дейін сотқа дейінгі тергеу жұмыстары бір жылға жуық жүргізілді.
Үкім заңды күшіне енгеннен кейін, ақталған азаматтар заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны үшін зиянды өтеуді талап етуге құқылы.
Нақты мерзімге кімдер сотталды?
Еске сала кетейік, 2024 жылдың мамырында прокурорлар "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталғанын хабарлаған болатын. Сол кезде белгілі болғандай, оңтүстік өңірлерден Павлодар облысына көшіп келген қазақстандықтарға арналған үйлердің құны жасанды түрде 8 миллион теңгеге дейін көтерілген. Іс жүзінде 500 мың теңгеден басталатын қараусыз қалған үйлер сатып алынған. Сондай-ақ қоныс аударушылармен жалған келісімшарттар жасау фактілері анықталды.
Прокурорлар қоныс аудару тек қағаз жүзінде жүзеге асырылып жатқанын, іс жүзінде халықтың көшіп кетуіне байланысты облыстағы 59 елді мекен жойылғанын атап өткен еді. Қадағалау органының мәліметінше, сол кезде Павлодар облысының тек 6 ауданында келтірілген шығын 600 миллион теңге болған.
Биылғы наурызда оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алу сертификаттарымен алаяқтық жасағаны үшін Павлодар облысы Көктөбе ауылының 46 жастағы тұрғыны сотталды. Алматы облысынан келген қоныс аударушы әйел орташа қауіпсіздік колониясында бес жылға бас бостандығынан айырылды. Шығын көлемі шамамен 53 миллион теңге болды.
Сот сотталған әйелдің 9 және 7 жастағы жас балаларын жалғыз тәрбиелеп отырғанын ескеріп, жазаның орындалуын бес жылға шегерді. Сондай-ақ ол Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильділігі орталығына қалған 28,5 миллион теңгені өтеуге міндеттелді. Бұған дейін шығынның бір бөлігі іске қатысы бар алты қоныс аударушыдан өндірілген болатын.
Былтыр маусымда Павлодар облысында өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының еңбек мобильділігі орталығына қарасты мансап орталығы филиалының екі маманы ұқсас қылмысы үшін сотталды. Қоныс аударушыларға арзан баспана табуды, бірақ келісімшартта оның құнын 8 миллион теңге деп асыра көрсетуді тапсырған. Тергеу болжамы бойынша, осы аралықтағы айырмашылық іс бойынша айыпталушылардың қалтасына түскен. Келтірілген шығын көлемі 144 миллион теңге болды. Сотталушылардың бірі бес жылға орташа қауіпсіздік колониясына қамалды, екіншісінің үш жылға бостандығы шектелді.



Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net