Ерлерге простата обырының қаупін төмендететін өнім аталды
Испания медициналық онкология қоғамының дәрігерлері ерлерге простата обырының даму қаупін азайту үшін рационға тұрақты түрде қызанақ қосуды ұсынды. Бұл туралы испаниялық El Economista басылымы жазады, деп хабарлайды TengriHealth тілшісі Газета.Ru басылымына сілтеме жасап.
Дәрігерлердің айтуынша, қатерлі ісік мүше тіндеріндегі жасушалардың бақылаусыз бөлінуіне әкеп соқтыратын генетикалық мутациялар салдарынан дамиды.
Қызанақтың құрамында ликопин бар. Бұл - жасушаларды ДНҚ зақымдануынан қорғауға көмектесетін және онкологиялық процестердің басталу қаупін төмендететін табиғи антиоксидант. Сондай-ақ дәрігерлер қызанақты жүйелі түрде тұтыну жалпы денсаулыққа оң әсер ететінін атап өтті.
Мамандар қызанақтың тек онкологияның алдын алуда ғана емес, басқа да пайдасы бар екенін айтады. Мәліметтерге сүйенсек, бұл өнім жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтады, иммунитетті көтереді, ас қорытуды және терінің күйін жақсартады. Сонымен қатар қызанақ калийге, А және С дәрумендеріне бай.
Медицина мамандары бұл жерде әңгіме қатерлі ісіктің "сиқырлы емі" емес, теңгерімді диетаның бір бөлігі туралы болып отырғанын баса айтып, әртүрлі тамақтану мен салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді. Простата обырының негізгі қауіп факторлары ретінде артық салмақ, темекі шегу және майлы тағамдарды көп тұтыну қала бермек.