Қазақстанға Кения президенті мемлекеттік сапармен келді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Кения Республикасының Президенті Уильям Руто Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ертең жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланады", делінген хабарламада.
Сонымен қатар бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!