Астанада екі қабатты ғимарат өртеніп жатыр - видео
Оқырмандар редакцияға Астанадағы өрттің суреттері мен видеосын жолдады. Кадрлардан оң жағалау жақтан шығып жатқан қою қара түтінді көруге болады.
ТЖМ баспасөз қызметі мәліметінше, Алматы ауданындағы Қосалқа көшесінің бойында екі қабатты ғимараттың шатыры өртенген.
Оқырмандар суреті
"Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ғимараттың шатыры толықтай жалынға оранған. Ашық жану байқалып, өрт өрши түскен. Су үздіксіз беріліп жатыр. Өртті сөндіруге бірнеше су оқпаны жұмылдырылды. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды", - делінген хабарламада.
ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіру жұмыстары жанғыш материалдардың көптігі мен қою түтін салдарынан қиындап отыр.112 пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Оқырмандар суреті
Кеше Астананың Сарыарқа ауданында да екі қабатты ғимарат өртенген болатын. Тілсіз жау жоғары дәреже бойынша сөндірілді.