Добавить новость
World News





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Ақтөбеде жұрт миллиардтар бөлінген жолдардың екі жылдан бері жөнделмегеніне шағымданды

Ақтөбеде Оңтүстік-Батыс тұрғын алабының тұрғындары көшелерді абаттандыруға бөлінген миллиардтаған теңгенің қайда кеткенін тексеруді талап етуде. Ауданға жаңа жол, жарық және тротуарлар әкелуі тиіс ауқымды жоба бітпейтін қазу жұмыстарына, батпаққа, шұңқырлар мен жанжалдарға ұласты, деп хабарлайды тілші.Tengrinews.kz.
2024 жылы Ақтөбе шетіндегі Оңтүстік-Батыс тұрғын алабында бірден 22 көшені абаттандыру бойынша ауқымды жоба іске қосылды. Жол жөндеуге, жарықтандыруға және инженерлік желілерге бюджеттен 7,7 миллиард теңге бөлінді. Алайда жаңа асфальтталған жолдардың орнына тұрғындар қазылған көшелерді, батпақ пен шұңқырларды және мердігерлердің жиі ауысуын ғана көріп отыр.
Жергілікті тұрғындар миллиардтардың қайда жұмсалғанын тексеруді талап етті. Олардың айтуынша, екі жыл ішінде аудан қалыпты өмір сүруге әлі де қолайсыз болып отыр.
Оңтүстік-Батыс тұрғындары жобаның аяқталу мерзімін білу үшін шенеуніктерді тағы да кездесуге жинады. Дегенмен әңгіме бірден дерлік дауыс көтеруге дейін барды. Адамдар бұдан былай реніштерін жасырмай, кезекті сылтауларды емес, нақты іс-қимылдарды талап етті.

Әрбір жаңбырдан кейін Оңтүстік-Батыс көшелері ми батпаққа айналады. Жергілікті халық ауданда жаяу жүру де, көлікпен жүру де мүмкін емес дейді.

Тұрғындар бірнеше жылдан бері бүлінген жолдарға өз күшімен қиыршық тас төсеп, қатынауға жағдай жасап келеді.


"Мұнда бізде жақсы төсеніш бар еді, адамдар емін-еркін жүретін. Бірақ екі жыл бұрын бәрін алып тастап, қазып кетті. Жаңбыр жауса-ақ болды - айнала көлшік пен батпақ. Жүру мүмкін емес. Балаларды қақпадан шығаруға қорқамыз. Жыл сайын көліктер тұрақтай алуы үшін және адамдар батпаққа батпауы үшін өз ақшамызға қиыршық тас сатып алып, төсейміз", - дейді аудан тұрғыны Айгүл Әлімбаева.



Ақтөбеліктердің айтуынша, осы уақыт ішінде олар аяқталған бірде-бір жұмысты көрмеген. Техника көшелерде бірнеше күн бойы көрінеді де, кейін жұмыс қайта тоқтап қалады. Содан кейін мердігерлер ауысады, бірақ мәселе шешілмейді.


"Олар жұмысты бастайды да, сосын айлар бойы бәрі қаңтарылып тұрады. Кейін тағы бірдеңе істейді, қыс түскенде мердігерлер жоқ болып кетеді. Келесі жылы басқалары келеді. Біз кімнен сұрауды және бұл бейберекетсіздікке кім жауапты екенін түсінбей қалдық", - деп кейиді Оңтүстік-Батыс шағын ауданының тұрғындары.

Тіпті балалар да зардап шеккен - тротуарлардың жоқтығынан жаңбырдан кейін көшелер қауіпсіз жүруге келмейтін батпаққа айналады.

"Қатты жаңбыр кезінде емханаға бара жатып өзім де құладым. Балалар да батпаққа құлап жатады. Бұл үнемі қайталанады. Балаларымыздың тіпті велосипед тебетін жері жоқ. Жыл бойы резеңке етікпен жүреміз. Бұл қаланың үлкен тұрғын алабы болса да, жағдайымыз иесіз қалған ауыл сияқты", - дейді Ақтөбе тұрғыны Олеся Өтегенова.


Жобаға бөлінген сома тұрғындардың ерекше наразылығын тудыруда. Олар мұндай қаржыландырумен аудан баяғыда батпаққа батпай, қалыпты жолдарға, тротуарлар мен жарыққа қол жеткізуі тиіс еді дейді.

"Тексеріс жүргізіп, ақшаның қайда кеткенін анықтау керек. Бізде әуелі жиектастарды орнатады, біраз уақыттан кейін бәрін қайта бұзып, алып тастайды. Тайманов көшесін шамасы қырық рет асфальттауға тырысқан шығар. Бірақ қыстан кейін бәрі қармен бірге еріп кетеді. Бұл мүлдем жауапсыздық", - деп есептейді Ақтөбе тұрғыны Құрманғали Мұзбаев.


Әкімдік бірінші мердігермен күрделі мәселелер туындағанын мойындайды. Ресми мәліметтерге сәйкес, компания тек алты көшеге ғана ішінара асфальт төсеп үлгерген. Кейін жабынның зертханалық тексеруден өтпегені белгілі болды. Осыдан кейін мердігер жұмыстан шеттетіліп, жоба басқа ұйымға берілген.
Шенеуніктердің дерегінше, жаңа компанияға қазірдің өзінде миллиард теңгеден астам қаражат төленген. Алайда тұрғындар жағдайдың түбегейлі өзгермегенін айтады: көшелер әлі де қазылған күйде, ал жаңбырдан кейін аудан тағы да батпақ пен көлшікке толады. Мердігер ұйым жұмыстың созылуын техникалық қиындықтармен түсіндіреді.


"Жер асты сулары көтеріліп, соның салдарынан ақаулар пайда болды. Биыл біз 500 миллион теңге аванс алдық. Бұл қаражат үш көшені асфальттауға қарастырылған. Жұмысты жаздың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Ары қарай бәрі қаржыландыруға байланысты. Жалпы алғанда 7 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылған", - деді қосалқы мердігер ұйымның директоры Мұратхан Мадияров.

Ақтөбе әкімдігінің ТҮКШ бөлімі қазірдің өзінде төселген асфальттың бір бөлігін толығымен қайта жасауға тура келетінін мәлімдеді.

"Бұрын төселген асфальт зертханалық сынақтардан өтпеді. Қазір ол қырылып, қайта төселеді. Сонымен қатар инженерлік желілерді нормативтерге сәйкестендіру қажет. Жұмыстар жалғасып жатыр. Бұрынғы мердігердің үстінен сотқа талап арыз түсірілді. Бірақ ол әлі де жосықсыз деп танылған жоқ. Биылға әзірге 500 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражат үш көшені асфальттау мен абаттандыруға есептелген. Әрі қарай кезекті траншты күтеміз", - деді Ақтөбе қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы Әділбек Ахмет.

Ал Оңтүстік-Батыс тұрғындары болса жобаның аяқталатынына сенбейді. Халық құр уәдеден шаршаған.
Фото Tengrinews.kz
Бұған дейін Оңтүстік-Батыс тұрғын алабының тұрғындары өз мәселелерін айтқан болатын. Біз жол жөндеу жұмыстарының қала тұрғындары үшін үлкен қиындық тудырғаны туралы жазған едік. Ол кезде шенеуніктер жұмыстар 2026 жылы аяқталуы тиіс деп сендірген. Ал ТҮКШ бөлімі мамандарының мәліметінше, мердігерге 747 миллион теңге аударылған. Бұл ретте әкімдік компанияның жұмыс кестесінен айтарлықтай қалып қойғанын ескертті. Жобаға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет те қызығушылық танытқан.


Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net