“Бензинмен өртеп жіберемін“: қыз қазақстандық клуб футболшысын қоқан-лоқы көрсетті деп айыптады
Қазақстан премьер-лигасында өнер көрсететін футболшы қыз баламен сөйлескеннен кейін оған қоқан-лоққы көрсетті деп айыпталды. Қыздың айтуынша, ойыншының сүйіктісі одан сезіктенген, содан соң ол қыздан өзін "жақтап сөйлеуді" өтінген, деп хабарлайды Tengri Sport әлеуметтік желілерге сілтеме жасап.
Премьер-лиганың аты-жөні аталмаған футболшыларына қатысты жағдайды қыз әлеуметтік желіде баяндады.
"Қалай ойлайсыз, қызы бола тұра "жыныстық қатынас пен араласу" және өзін жақтап сөйлеуді өтінуі ҚПЛ футболшысына лайықты әрекет пе? Кейде ҚПЛ футболшысының, спортшының жария бейнесінің артында жеке қарым-қатынастағы мүлдем қабылданбайтын мінез-құлық жасырынуы мүмкін. Өздеріңіз қорытынды шығарыңыздар", - деген ол ойыншымен жазысқан хат-хабар скриншоттарын тіркеді.
Қыздың айтуынша, скриншоттарда оның футболшымен жазысқан хаттары көрсетілген. Онда ойыншы алдымен серіктесінің алдында өзін "жақтап сөйлеуді" сұрап, кейін қоқан-лоққы көрсеткен.
"Оңбаған, сені бензинмен өртеп жіберемін! Теріңді тірідей сыпырып жібергім келеді", - деп жазылған хаттарда.
Бұдан бөлек, ҚПЛ-дың тағы екі ойыншысы оларға "біреу сиқырдың көмегімен дуа жасап жүргенін" айтқан көрінеді.
Фото: әлеуметтік желілерден скриншот
Айта кетейік, хабарламаларға қарағанда қыз Павлодарда тұрады. Бұл қалада Қазақстан премьер-лигасының бір клубы "Ертіс" өнер көрсетеді. Қыз қоқан-лоққы көрсетті деп айыптаған футболшылардың есімдері әзірге жарияланған жоқ.
Павлодарлық команда қазір Қазақстан премьер-лигасында 6 ойыннан кейін 6 ұпаймен 11-орында келеді.
Еске сала кетейік, 2020 жылдың мамырында "Ертістің" футбол премьер-лигасынан шығатыны хабарланған болатын. Бұған қаражаттың жетіспеушілігі және негізгі демеушінің клубты қаржыландырудан бас тартуы себеп болды. Бұрынғы басшылыққа қатысты заңбұзушылықтар анықталып, бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне хабарланған еді.
Команда тек 2023 жылдың желтоқсанында қайта жанданды. Өткен маусымның қорытындысы бойынша ұжым Бірінші лигада екінші орын алып, ҚПЛ-ға оралды.