Добавить новость
World News





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Тергеу кезінде елден кетіп қалған: алматылық кәсіпкер ұрып-соғу және сталкинг ісі бойынша іздестіріп жатыр

Бұған дейін әйеліне қатысты сталкинг жасағаны үшін сотталған алматылық кәсіпкер соққыға жығу дерегі бойынша тергеу жүріп жатқанына қарамастан, Қазақстаннан шығып кеткен. Зардап шегушінің айтуынша, ол шетелде жүрсе де, қудалауын тоқтатпаған. Күдіктінің елден қалай шығып кеткенін және істің өзге де жай-жапсарын Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.
Мән-жайы
Кәсіпкер М. Б. мен Әнел Аманғалиеваның отбасындағы жанжал 2026 жылдың ақпанында жария болды. Әйел жүйелі түрде соққыға жығылғанын, өлтіремін деп қорқытып-үркіту, интим суреттермен бопсалау нысанына айналғанын және абыройына нұқсан келтіру үшін жалған аккаунттар ашылғанын мәлімдеді.
Фотоны Әнел Аманғалиева ұсынды
25 ақпанда Қарасай аудандық соты ер адамды сталкинг жасағаны үшін 25 тәулікке қамауға алды. Алайда, зардап шегушінің айтуынша, ол бостандыққа шыққан соң елден шығып кеткен және қудалауын жалғастырған.
Алматы облысы ПД бейнежазбасынан кадр
Не болған?
Әнел Аманғалиеваның сөзінше, 20 наурызда арнайы қабылдау орнынан шыққан бойда ер адам "Қордай" шекара бекеті арқылы Қазақстаннан шығып кеткен.
Бұл ретте Қылмыстық кодекстің 107-бабы "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бойынша екінші қылмыстық іс тергеліп жатқан.

"Соты аяқталмаған адам шекарадан қалай өтіп кетті және бұл туралы тергеушіге неге хабарланбады деген үлкен сұрақ туындайды. Ол елден шыққан бойда бәрі қайта басталды: күн сайынғы хабарламалар, "сен ең кереметсіңнен" бастап балағаттауға дейін құбылған хаттар. Мені өз меншігі санап отыр. Ол Қазақстанға оралмайтынын, себебі "мені ұрғаны үшін үш жыл отырғысы келмейтінін" айтады", – деді Әнел.

Қыздың айтуынша, іс жария болғаннан кейін ер адам бопсалау, жала жабу және іскерлік беделіне нұқсан келтіру туралы қарсы арыздар түсіре бастаған. Әнел оны бұғаттап тастағанына қарамастан, жалған парақшалар арқылы балағат сөздер жазуды жалғастырып жатқанын айтты.

"Оның кетіп қалғанын білгенде, менен алыста болады деп тіпті қуанған едім. Ол хабарласып, кешірім сұрағанда, бәрін түсінген шығар, енді мазамды алмас деп ойладым. Осының бәрі бітуі үшін тіпті медиацияға да келісуге дайын болдым. Бірақ ол қудалауын жалғастырды. Енді менде жаңа іс үшін дәлелдер бар. Не істерімді білмей, абдырап отырмын. Оның елге қайтарылып, жазасын осында өтегенін қалаймын. Оның психикасы тұрақсыз екенін түсінемін, жағдайы нашарлаған сайын өш алуы да күшейе түсуі мүмкін", – деп ағынан жарылды ол.

Қазір зардап шегушінің адвокаттары жалғасып жатқан сталкинг дерегі бойынша жаңа қылмыстық іс қозғау үшін материалдар жинап жатыр.
2026 жылдың ақпанындағы скриншот / Фотоны Әнел Аманғалиева ұсынды
Полиция не дейді?
Алматы облысының Полиция департаменті берген жауапта Tengrinews.kz кәсіпкердің үстінен екі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады:

107-бап бойынша – "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" (полиция бұл жағдайдың 2025 жылы Қазақстан аумағынан тыс жерде болғанын нақтылады);
115-1-бап бойынша – "Сталкинг" (аңду).

Сондай-ақ полиция күдіктінің тағы да елден кетіп қалғанын және оған ресми түрде іздеу жарияланғанын жеткізді. Алматы облысының полициясы шетелдік әріптестерімен бірлесіп, оны ұстау бойынша жұмысты бастап кеткен.

"Жәбірленушінің қайта берген арызы бойынша сталкинг дерегіне қатысты тағы да қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оның ел аумағынан қайта шығып кеткені анықталды. Осыған байланысты оның жүрген жерін анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу шараларының кешені, соның ішінде шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Анықтама: Полиция қыз алғаш рет арызданған кезде де күдіктінің шетелде болғанын, сондықтан оның жүріс-тұрысы бақылауға алынғанын нақтылады. Қазақстан аумағына келгеннен кейін ол ұсталып, 25 тәулікке қамауға алынған.
Қазақстанда сталкинг үшін қалай жазалайды?
Адвокат Абзал Қасымжанов сталкерді жауапқа тарту үшін үш элементті дәлелдеу қажет екенін түсіндіреді:

жүйелілік: қудалаушының қайталанатын әрекеттері,
байланыс орнатуды қаламау: жәбірленушінің нақты білдірген қарсылығы,
айтарлықтай зиян: зардап шегуші тараптың қорқыныш пен үрей жағдайында болуы.


"2025 жылы Қазақстанда заң деңгейінде сталкинг ресми түрде қылмыстық құқық бұзушылық деп танылды. Бұл ұғым адамның еркіне қарсы, онымен байланыс орнатуға немесе соңынан аңдуға бағытталған, күш көрсетпестен айтарлықтай зиян келтірген заңсыз қудалауды білдіреді", – деді сарапшы.

Қандай дәлелдемелер жинау керек?
Нотариалды куәландырылған хат-хабарлардың скриншоттары, қоңыраулар мен дауыстық хабарламалардың жазбалары, бейнебақылау камераларының таспалары және куәгерлердің айғақтары дәлелдемелік база бола алады.

"Егер кінәлі тұлға жауапкершілікке тартылғаннан кейін де ізіне түсуін тоқтатпаса, жәбірленуші құқық қорғау органдарына қайта жүгінуі қажет. Мұндай жағдайларда соттар бұл әрекетке сыни тұрғыдан қарап, кінәлі тұлғаға қатысты қатаң жаза қолдануы тиіс", – деп түсіндіреді адвокат.

Заңдағы олқылықтар: сарапшы пікірі
Адвокат қолданыстағы Қылмыстық кодексте қайталанған сталкинг үшін қатаңдатылған жауапкершілікті қарастыратын жеке норма жоқ екенін атап өтті.

"Заңда бірнеше мәрте жасалған сталкинг үшін бөлек ереже қарастырылмаған, бірақ соттар қайталанған жағдайларға барынша қатаң ден қоя алады. Мысалы, айыппұлдың орнына 50 тәулікке дейінгі шекті қамау мерзімін тағайындауға болады", – дейді Абзал Қасымжанов.

Дегенмен, адвокаттың пікірінше, бұл Парламент деңгейінде шешілуі тиіс заңнамадағы мәселе.

"Егер бірнеше мәрте қамауға алу қуғындаушыны тоқтатпаса, демек, жүйені қайта қарау қажет. Бұл мәселені Парламентте көтеру керек: егер тұлға 10 рет жауапқа тартылып, бірақ әр жолы сол баяғы 50 тәулікке қамалса, бұл қажетті нәтиже бермеуі мүмкін. Сталкер өз мінез-құлқын өзгертпей, мұндай жауапкершілік шарасына жай ғана үйреніп кетеді", – деп түйіндеді адвокат.

Анықтама: Қылмыстық кодекстің 115-1-бабы "Сталкинг" санкциясы мынадай жаза түрлерін қамтиды:

200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл,
не 200 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар,
не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу.

Редакция оқиғаның дамуын бақылауды жалғастырады.


Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net