Добавить новость
World News





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Щучинскідегі жарылыс 11 адамның өмірін қиды: қаза тапқандардың отбасыларына қандай төлемдер берілді?

Щучинскідегі "Палау орталығында" болған өрт пен жарылыстан 11 адам қаза тапқан қайғылы оқиғадан бері бір жарым ай өтті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасылары өтемақы алды. Ақмола облысының әкімдігі төленген қаражат көлемін атады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мән-жайы
Щучинскідегі "Палау орталығы" дәмханасындағы қайғылы оқиға 2026 жылғы 26 ақпанда кешкі уақытта болды. Өрттен кейін бірден жеті адамның қаза тапқаны хабарланды: бес адам оқиға орнында мерт болса, тағы екеуі жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Қайғылы жағдайдан кейін Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов БАҚ өкілдеріне оқиға салдарынан 28 адам зардап шеккенін, жеті адам қаза тапқанын, олардың арасында кәмелетке толмаған бір бала бар екенін айтты.
Әкім сол кезде қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетілетінін хабарлаған болатын. Журналистермен кездесуде Садықов әкімдік жерлеу рәсімдерін ұйымдастырып, қаралы жиынға келген туыстарын орналастыру мен сүйемелдеуді қамтамасыз еткенін мәлімдеді.
Кейін қаза тапқандар саны артып, 3 наурызда 9 адамға, 11 наурызда – он бір адамға жетті.


Оқиға фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бап санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қайғылы оқиға салдарынан 28 адам зардап шегіп, оның 11-і қаза тапты, көбісі әртүрлі дәрежеде күйік алған.
Зардап шеккен 17 адамның 8-і амбулаториялық ем алды, бес адам санавиациямен Астанаға, тағы төртеуі Көкшетаудағы облыстық ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта зардап шеккен алты адам ем қабылдауды жалғастыруда: үшеуі — Астанада, үшеуі — Көкшетауда.

"Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде пациенттер жоқ", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Қандай өтемақы төленді?
Еске сала кетейік, қайғылы оқиғадан кейін Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов қаза тапқандардың отбасыларына екі миллион теңге көлемінде, ал зардап шеккендерге бір миллион теңгеден біржолғы материалдық көмек төленетінін айтқан еді.
Әкімдік мәліметінше, қазіргі уақытта төлемдер толықтай жүргізілді. Қаражат үш көзден бөлінген:

әкімдіктен жалпы сомасы 30 миллион 200 мың теңге;
"Палау орталығынан" жалпы сомасы 43 миллион 777 мың теңге;
бизнес өкілдерінен жалпы сомасы 10 миллион 219 мың теңге.

Төлемдердің жалпы сомасы 84 миллион 113 мың теңге болды.

"Бурабай ауданының әкімдігі мен қайғылы оқиға болған дәмхана иесі тарапынан қаза тапқандардың отбасыларына бірден 2 миллион теңгеден төленді. Сонымен қатар жерлеуге қатысты барлық шығын, соның ішінде қаза тапқандардың бірін тасымалдау шығыны өтелді", - деп нақтылады Бурабай ауданының әкімдігі.

Сондай-ақ, онда зардап шеккендерге өтемақы алған жарақаттарының ауырлығы мен қажеттіліктеріне қарай төленгені атап өтілді.
Тергеу қай кезеңде?
Ақмола облыстық прокуратурасының мәліметінше, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр: барлық жағдайды, соның ішінде жарылыс алдындағы жайттарды анықтау бойынша тергеу амалдарының кешені жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін "Loft палау орталығы" дәмханасын жалға алушы өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жауапты тұлға ретінде күдікті деп танылғаны хабарланған болатын. Оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

"Тергеу нәтижесі бойынша басқа адамдардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деп хабарлады прокуратура.

5 наурызда Щучинскідегі дәмхана иесінің екі айға қамалғаны белгілі болды.
Дәмхана неге тексерілмеді?
Щучинскідегі қайғылы оқиғадан кейін қазақстандықтар желіде "бұл төтенше жағдай қалай болуы мүмкін, мекемедегі өрт қауіпсіздігі мен газ жабдықтарының жұмысын кім бақылауы керек еді?" деген сұрақтар қойды.
Редакция тілшілері бұл сұрақты Ақмола облысы прокуратурасына жолдады, біз алған жауап:

"Нысан Бурабай ауданы ТЖ бөліміне қарасты бақылаудағы нысандар тізбесіне енгізіліп, тәуекел деңгейі төмен санатқа жатқызылған. Тиісінше, Кәсіпкерлік кодекске сәйкес жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, мұндай нысандар барып, профилактикалық бақылау жүргізуге жатпайды".

Бұл ретте мекеменің бес қабатты көппәтерлі тұрғын үй жанындағы бір қабатты ғимаратта орналасқаны бөлек атап өтілді.

"2023 жылы нысан дәмхана ретінде қайта жабдықталып, "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заңға сәйкес меншік иесі тарапынан дербес пайдалануға берілген", - деп түсіндірді прокуратура.

Бұған дейін Астанадағы Түркістан көшесінде орналасқан тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шықты. Тілсіз жау ауыздықталғаннан кейін құтқарушылар оқиға орнынан үш баланың мәйітін тапты. Олардың анасы болуы мүмкін делінген (бірақ ресми түрде расталмаған) әйел құтқарылды. Денесін күйік шалған ол ауруханаға жатқызылды. Жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.


Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net