Аю мен түлкі
Бір күні түлкі мен аю бірге келе жатып жол үстінде қалаш тауып алыпты. Орманға кіріп, екеуі қалашты қақ бөледі: жартысы аюға, жартысы түлкіге тиесілі болады.
Түлкі өзіне тиген үлесті сол сәтте-ақ жеп бітіреді. Ал аю бір тістегеніне қанағат қылады да, қалғанын кейін жермін деп сақтап қояды.
Олар түнде ұйықтағалы жатады. Аю қорылдай бастаған шақта түлкі оның үлесін де жеп қояды.
Түнде аю оянып, қалашын жеуді ойлайды. Жел ұшырып кеткендей жоқ. Аю қатты ашуланады.
– Ақыры осылай болған екен, онда мен сені жеймін, түлкі,– дейді ол оған секеммен қарап.
– Алдыңызда айыптымын, ағатай. Жесең, жерсің енді. Бірақ менің етім пісірген соң...